21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Діннің тірегі – Алла Тағаланы тану

Діннің тірегі – Алла Тағаланы тану

Ақида
Жарнама

Адам баласының бұл дүниедегі негізгі міндеті – Раббысын танып, иман келтіру. Өйткені, адамзат бұл өмірге Алла Тағалаға құлшылық ету үшін келген. аллаға құлшылық ету үшін әуелі Оны тану керек.

Пенде Жаратушыны тану арқылы Алла Тағаланың бар екендігіне иман келтіреді. Ал иман ілім арқылы келеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ілімнң басы – Жаббар Алланы тану, ілімнің соңы барлық істі Оған тапсыру» деп айтқан.

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір үйдің тірегі – оның іргетасы, ал діннің тірегі – Алла Тағала жайлы мағрифат (Алланы тану), жамандықтан тыятын ой-сана иесі болу», - дейді. Сонда Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Жамандықтан тыятын нәрсе деген не?», - деп сұрайды.  «Кісіні Жаратушысына қарсы қоймау және адам баласын қайта оның Жаратушы иесіне құлшына бойұсынуына дәнекерлік ететін ой-сана», - деп жауап берген екен.

Атақты физик Энштейн былай деген: «Менің дінім шексіз бір үлкен рухқа ғажаптанудан тұрады. Бұл рухтың құдіретінен біздің арзымас ақылымыз түсінетін кейбір нәрселерді ойлап тапқан. Бұл терең сенімді және ұлық иләһи күшті түсініп жету үшін осы галактикаға қарап тұрсам, Құдайдың бар екендігін жүрегіме салады».

Алла Тағала әлемді өз болмысын көрсететін бір айна іспетті жаратқан. Өйткені, күллі жаратылыс, барша тіршілік – Оның бар екендігіне дәлел. Әлем кездейсоқ үлкен бір жаратылыстың нәтижесінде пайда болды, аспан денелері өздігінен бір жерге түйісіп, ақылдаса келе осындай жүйені құрды деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Кездейсоқ болған нәрселерден темірдей тәртіп пен таңғажайып жүйені кқру әсте мүмкін емес.

Алла Тағала Құранда: «Уа, адам баласы! Сендерге мынадай бір мысал келтірілді. Соған құлақ асыңдар! Сендердің Алладан өзгеге табынып, жалбарынған Құдайларың түгел жиналса да, бір шыбынды да әсте жарата алмайды» («Хаж» сүресі, 73- аят), - деу арқылы шыбын екеш шыбынды да жаратуға қауқарсыз екендіктерін баян етеді. Адам баласы Алла Тағаланы қаншалықты жақсы біліп, Оны қаншалықты жақыннан таныған сайын Оған деген ынтасы, махаббаты артып, әдепті құл болады. Жаратушыны тануға тақуа мүмин де, дінсіз пенде де зәру. Тану арқылы сенімсіз жандар иман нұрына бөленіп, адасқандар тура жол табады. Ал құлшылық мәнін тереңірек түсіну тұрғысынан Ұлы Жаратушыны терең тани білу – мұсылман деген қасиетті атқа ие мүмин жандар үшін өте маңызды.

Данагөй бабамыз Бұхар жырау былай деп өсиет еткен екен: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа».

Жаратқан Алла Тағала өзін шынайы танитын пенделерден болуымызды нәсіп етсін!

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

                         

Бөлісу: