26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ғұрыпты шариғи дәлел ретінде қарастыруға болады ма?

Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі шариғат ғалымдары арасында мақұлданған.

«Дәстүрдің озығы мен тозығы» дегенді қалай түсінеміз?

Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар.

Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ

Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу – оның сүйікті істерінен болды.

Сүндеттелудің қандай пайдасы бар?

Ер баланы сүндетке отырғызу  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті.  Бұл жөнінде хадисте: Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды», - деген. (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони). Әбу Һұрайра (р.а.) жеткізген хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ алуды  атаған.

Қазақ халқы қасиетті санаған құндылықтар

Аттан құласа да, салттан құламаған қазақ халқы қашанда ата-бабаларының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін ұстанып келеді. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға халқымыз қасиетті санаған ұғымдарды ұсынамыз. Олар төмендегідей:

Ұлтымыздың қаны саф алтындай таза

Құранда адамды: «Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз топырақтан жараттық»1* һижір» сүресі. 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты»2* («Алақ» сүресі, 96:2), «Біз сендерді (Адам атаны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз»3* («Хаж» сүресі. 22:5).

Ұрпақтың денсаулығы мен зердесі – мемлекеттің үлкен қазынасы

Тектілік  хақында ұлт ойшылдарынан пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі.

 Көңдегі жасыл шөптен сақ болыңыздар

Жеті атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар. Осы жайында бір аңыз әңгімеде:

Діннен тамыр тартатын мақал-мәтелдер

Әр елдің мұсылмандары өздерінің дәстүрлеріне сай Ислам дінін ұстанып келеді. Себебі, Ислам шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрлерді жоққа шығармайды, тіпті қолдап құптайды.

Қонақты қанша күн күту керек?

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кiм Аллаға және Қиямет күнiне иман келтiрсе көршiсiн құрметтесiн. Кiм Аллаға және Қиямет күнiне иман келтiрген болса қонағын құрметтеп, оған тиiстi қонақжайлылығын көрсетсiн» деген. Сол кезде адамдар: «Я, Алланың Елшісі! Қонақжайлықтың мерзiмi қанша күн?»  деп сұрайды. Ол: «Бiр күн, бiр түн. Жалпы қонақжайлықтың мерзiмi үш күн. Одан артығы садақа болады. Әрi, Алла Тағалаға және Қиямет күнiне иман келтiрген адам жақсы сөз айтсын немесе үндемесiн», – деп жауап бердi». (Бұхари, Муслим)