19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қиямет күнінде өзіне қарсы үкім шығарылатын адамдар

Қиямет күнінде өзіне қарсы үкім шығарылатын адамдар

Ислам тарихы

Хадис шәрифте айтылған:

«Қиямет күнінде өзіне қарсы үкім шығарылатын адамдар мыналар:

Біріншісі шейіт етілген кісі. Ол Алланың құзырына шығарылады. Алла оған берген нығметтерін түсіндіреді. Ол бұларды мойындайды. Алла (жәллә жәләлуһу):

– Олай болса, бұлар үшін не істедің? - деп сұрайды. Ол кісі:

– Ей, тәңірім! Сенің жолыңда шейіт етілдім, - дейді. Алла Тағала: Жалған айттың! Сен қорықпайтын батыр деп айтсын дей отырып, соғыстың. Шынында солай айтылды! Кейін ол туралы әмір беріледі де, отқа тасталынғанға дейін ет-бетімен сүйретіліп жүреді.

Екіншісі, білім үйреніп, әрі басқаларға да үйреткен және Құран оқыған кісі. Алланың құзырына шығарылады. Алла оған берген нығметтерін түсіндіреді. Ол да бұларды мойындайды. Хақ Тағала:

– Бұларға шүкіршілік ретінде не істедің? - деп сұрайды. Ол кісі:

– Ілім үйрендім. Оны басқаларға да үйреттім. Сен үшін Құран оқыдым - дейді. Алла (жәллә жәләлуһу):

– Өтірік айтасың! Сен білімді ғалым десін деп үйрендің. Ал, Құранды «Қари» деп айтсын деп оқыдың. Иә солай айтылды. Кейін ол туралы әмір беріледі де, отқа тасталынғанға дейін ет-бетімен сүйретіліп жүреді. Үшіншісі Алла Тағаланың мал-мүлік беріп байытқан құлы. Алла Тағала оған да берген нығметтерін айтып шығады. Ол құл да бәрін мойындаған соң, Алла одан:

– Олай болса, шүкіршілік ретінде не істедің? - деп сұрайды. Құл:

– Жұмсалу үшін сен бұйырған ешбір қайыр жолын қалдырмай, мал-мүлкімді тек сенің жолыңда ғана жұмсадым - деп жауап береді. Алла Тағала:

– Өтірік айтасың! Сен оларды «жомарт» деген атаққа ие болуың үшін жұмсадың. Расында да ойлағыныңдай болды - дейді. Кейін бұл адам жайлы да әмір беріледі де, тозаққа лақтырылғанға дейін ет-бетімен сүйретіледі». (Мүслим, Имәрә 152.)

Бұл хадис шәриф амалдардың Алла құзырында қабыл болуы үшін «ықылас» шарт екендігін өте айқын түрде көрсетіп тұр және негізгі мақсат, Хақ Тағаланың ризалығы болмайынша керісінше көріністе ғана Алла жолында өлу, білім үйрену және байлықты қайырлы, сауапты істерге жұмсау сияқты ең күшті амалдарда болса, иесіне пайдасын тигізбейтінін баяндайды. Хазіреті Баязит Бистами Құран Кәрімдегі: «Сендердің біреулерің дүниені қалайды да, біреулерің ақыретті қалайды...» (Әл-Имран, 152) деген аятты естігенде, жылап, былай дейді: «Бұл баян Алланың (жәллә жәләлуһу) құлдарына жазғырғаны: «Біреулеріңіз дүниеге, біреулеріңіз ақыретке риза болады. Міне қалағандар қайда?» деп жатыр.

Олай болса, шын иман тек тілмен айтылып, амалдар көптеген құрғақ, рухсыз іс-қимылдардан тұрмайды. Жан әлемінің тереңдіктерінен асып-тасыған ақпейіл сезімдермен жаратқанға сену және Оған берілу, әмір еткендері мен тыйған нәрселерін шын-көңілден қабылдау және осы ахуал бойынша түзу амалдар істеу барысында Оның ризалығынан басқа бір мақсатқа ешқандай көңіл аударып, құрмет тұтпау ләзім. Олай болмаған жағдайда құл екі жүзді болады. Бұл сипаттан құтыла алмай қалады әрі нәпсінің тұтқыны болып қалады да, Алланың азабына ұшырайды.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: