12
Жексенбі,
Қаңтар

һижри

Құран мұғжизалары: Бұлттардың ауырлығы, жаңбырдың өлшемі

Құран мұғжизалары: Бұлттардың ауырлығы, жаңбырдың өлшемі

Ислам тарихы

Айқын шуақ күні аспанда жүзіп жүрген ұшпа бұлттарға қарай отырып, буланған су массасының соншалықты ауыр екенін тіпті елестете алмаймыз. Олардың салмағы аса ірі көрсеткіштерге жетеді.

Мысалы, «кумулус» ұшпа бұлттарында 300 000 тонна су жиналады. 300 000 тонналық массаны оп-оңай ұстап тұра алатын аспанның таңғажайып құрылымына қайран қалмау мүмкін емес. Құранда көбінесе аяттарда бұлттардың осы ерекшелігі сипатталады:

«Әл-Араф» сүресі, 57 – аят: «Ол сондай Алла Өз рақымымен жақсы хабаршы желдерді жолдайды. Олар ауыр бұлттарды алып келген сәтте, Біз оларды жансыз (өлі) жерге айдап алып келеміз, суды төгеміз де және сол арқылы әртүрлі жемістер өсіреміз. Осылайша өлілерді де тірілтеміз. Мүмкін сендер ғибратты еске аларсыңдар».

«Ар-Раад» сүресі, 12 – аят: «Ол сондай Алла сендер қорқып және үміттенулерің үшін, сендерге найзағайды көрсетеді, және ауыр бұлттарды жасайды».

Еш күмәнсіз, Құран түсірілген уақытта адамдар әлі бұлттардың ауырлығы жайлы білуі мүмкін емес, бұл білімдер ғалымдармен жақында ғана ашылды. Құрандағы мұндай ескертулер сондай-ақ сансыз көп мұғжизаларының бірі болып табылады.

Құранда жаңбырлы бұлттардың ауырлығынан бөлек, жер бетіне түсетін басқа да бірегей жауын дәрежесі жайлы ақпараттар хабарланған. Алла «Әз-Зухруф» сүресінде бізге былай баяндайды:

«Әз-Зухруф» сүресі, 11 – аят: «Ол (Алла) аспаннан жаңбырды мөлшермен жаудырады, және онымен Біз өлі жерді жандандырдық. Осылайша сендер де қабірден шығарылатын боласыңдар».

Жер бетіне түсетін жаңбырдың мөлшері 20 ғасырдың соңғы ширегіндегі зерттеулердің нәтижесінде анықталған болатын. Метеорологтардың есептеуі бойынша жер бетінен секунд сайын 16 миллион тонна су буланып кетеді. Бір жылда бұл көрсеткіш 505 триллион тоннаға жетеді. Алайда жыл сайын жер бетіне түсетін жаңбыр мөлшері де дәл сондай мөлшерді құрайды. Яғни табиғатта тең өлшемді және тұрақты су айналымы қатаң белгіленген пропорцияда жүзеге асады.

Жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуы тек табиғаттағы су айналымының арқасында болуы мүмкін. Тіпті адамдар барлық суперзаманауи технологиялық мүмкіншіліктерді қолданғанның өзінде, олар бұл айналымды тым болмаса шала-шарпы жасанды түрде ешқашан іске қоса алмайды. Егер жауатын жаңбыр мөлшерінде сәл ғана өзгеріс пайда болса, табиғатта іле-шала экологиялық тепе-теңдік бұзылады да, жер бетіндегі барша тіршілік көзі жойылады. Бірақ бұлай ешқашан болмайды – Құранда хабарланғандай, жаңбыр жер бетіне жыл сайын ешқандай өзгеріссіз, үнемі бірдей мөлшерде жауады.

Дегенмен тек жаңбырдың мөлшерінде ғана сөз қозғалып отырған жоқ, сонымен қатар жаңбыр тамшысының құлау жылдамдығы мен пішіні жайлы. Жаңбырлы бұлттар жер бетінен кем дегенде 1200 метр биіктікте жатыр. Егер осы биіктіктен көлемі мен салмағы жаңбыр тамшысындай болатын қандай да бір дене құлайтын болса, онда жылдамдық шамасы бойынша оның жерге құлауы сағатына 558 км-ге жетеді. Мұндай жылдамдықпен құлайтын кез-келген дене, зор қауіп төндіріп, және бетіндегі барша тіршілік көзін жойқын салуы мүмкін. Егер жаңбыр тамшылары осы биіктіктен осындай жылдамдықта құлағанда, онда жер бетіндегі барлық егіндер өліп, автокөліктер мен үйлер қирап, ал адамдар арнайы қорғану жабдықтарынсыз көшелерде жүре алмаған болар еді. Бұған қоса мұндай жылдамдық 1200 метр биіктікте орналасқан бұлттарда қалыптасатын тамшылармен жүзеге асады, ал кейбір жаңбырлы бұлттар 10 000 метр биіктікте қалыптасып, жерге жауады. Және бұл құлау биіктігін ескеретін болсақ, онда жаңбыр тамшыларының жойқын салу әсерін елестету тіпті қиын. Дегенмен жаңбыр тамшылары қандай биіктіктен құламаса да, жаңбыр ешқашан соншалық жойқын салдарды шақырмайды. Олардың жерге құлауы мен жерге жақындаған сайын, жылдамдықтары бар-жоғы сағатына 8-10 км-ді ғана құрайды.

Жер бетінен буланып шығып және нөсер түрінде қайтадан жауатын судың мөлшері, өзгеріссіз және ұдайы: секундына 16 миллион тоннаны құрайды. Бұл ұдайғы көрсеткіш Құранда былайша хабарланады: «Ол (Алла) аспаннан жаңбырды мөлшермен жаудырады». Бұл мөлшердің ұдайылығы – экологиялық тепе-теңдікті сақтау және барлық тіршілік көзі үшін қолайлы жағдай жасау үшін өмірлік маңызды. Нобель сыйлығының иегері неміс физигі Филипп Леннард жаңбыр тамшысының диаметрін үлкейткенде оның құлау жылдамдығы да қоса өсетінін анықтады. Алайда бұл жылдамдықтың өсуі, тамшының диаметрі 4,5 мм жетпегенше жалғаса береді. Диаметрі бұл саннан асып түсетін тамшылар, секундына 8 мм-ден аспайтын жылдамдықпен жерге құлайды. Құлап жатқан тамшы жылдамдығының соншама кенеттен бәсеңдеуінің себебі, жаңбыр тамшыларының қабылдайтын пішіндеріне негізделген. Тамшылардың ерекше пішіні атмосфераның үйкелу күшін арттырады, сондықтан тамшылардың жылдамдығы белгілі бір жылдамдық лимитінен асып түсе алмайды. Көріп отырғандарыңыздай, Құран түскен кезең, 1400 жыл бұрын ғылымсыз мұны білу мүмкін болмаған заманда, Құранда жаңбыр жаууының қасиеттері жайлы таңғажайып ақпараттар хабарланған.

материал «Құран мұғжизалары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: