11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Әлеуметтік желі әдебі: Пікір алмасу әдебін сақтау

Әлеуметтік желі әдебі: Пікір алмасу әдебін сақтау

Ислам тарихы

Адамдардың білімі, ойлау қабілеті, ақпаратты қабылдауы түрлі деңгейде. Қандай да бір мәселеге қатысты пікірі де әртүрлі.

«Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем пікір алмас» (16:125).

Өзгенің пікіріне құрметпен қарау, ақиқат сөзді мойындау, білмеген мәселесіне пікір білдірмеу сынды әдептер әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғам тыныштығын сақтауға кепіл. Осы қарапайым әдептер сақталмаған соң талас-тартыс, өсек пен ғайбат, жала көбейіп, үлкен дауға ұласады.

Алла елшісі (с.ғ.с): «Сөгу, қарғау, арсыз сөз, өсек айту мүмінге тән (сипат) емес», – деген (Ахмад).

Егер қарсы тарап шектен шығып, сөзге тоқтамайтын болса, пікір алмасуды бірден аяқтау қажет. Әбу Әмама (Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Мен өзінікі рас болса да тартысуды қойған кісі үшін жәннаттың ауласынан бір үй, әзіл болса да өтірік айтуды қойған кісі үшін жәннаттың ортасынан бір үй, ал көркем мінездіге жәннаттың ең биігінен бір үй (берілетіндігіне) кепіл боламын», – деп айтқан (Тирмизи, Әбу Дәуід, Ибн Мажа).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: