27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бірінші ілім аламыз да, әлде кәсіп жасаймыз ба?

Бірінші ілім аламыз да, әлде кәсіп жасаймыз ба?

Ислам тарихы

Адамдар әуелгі кезде кісілердің дүниесінен дәметпеу үшін бірінші кәсіп үйреніп, сосын білім алатын болған.

«Кімде-кім өзгенің дүниесімен шектелсе, кедей болады», – делінеді бір даналық сөзде. Ғалым – аса дәметуші болса, ол үшін білімнің қадірі қалмайды. Сосын ақиқатты айтпайтын болады. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға қорлыққа жақындататын дәметушіліктен сыйынамын», – деуші еді.

Ғылымға ұмтылған мұсылман адам өз амалдарында тепе-теңдік сақтап, талпынуы тиіс. Ол жұмыс істеу мен табыс табу арасындағы үйлесімділікті сақтап, бос уақыттарында білім алуға тырысуы керек.

Қазіргі уақытта интернет желісі арқылы қолжетімді дәрістердің көптігі білім алуды жеңілдетті. Оған қоса, білім ізденуші адам өзіне түсініксіз болған мәселелерді сенімді әрі мамандандырылған сайттардан, немесе белгілі ғұламалар мен білім иелерінен өзіне түсініксіз болған мәселелерді сенімді әрі мамандандырылған сайттардан, немесе белгілі ғұламалар мен білім иелерінен сұрап, білімін арттыра алады. Егер демалыс уақыттарында және бос уақыттарда мүмкіндігінше ғылыми курстарға қатысып, ғалымдардан тікелей білім алуға мүмкіндік болса, бұл – үлкен игілік. Осылайша, адам екі жақсылықты да қатар алады.

Алла сізді жарылқасын, мол ризық пен білім жолын жеңілдетсін және қай жерде болсаңыз да берекеңізді арттырсын!

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: