08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Қиянатшылдық неден туады?

Қиянатшылдық неден туады?

Ислам тарихы

Аманатқа қиянат ету – үлкен қылмыс. Адамға берілген ақыл, ғылым һәм адамға берілген жузи ықтиярдың өзі аманат есебінде. Құран да – аманат. Құдайдың алдында жаманатты болмайын десең аманатқа қиянат жасамаған жөн. Бізді қоршаған ортаның барлығына аманат деп қарау арқылы көптеген мәселелер шешілер ме еді?

Әл-Кәфун (Алла оны рақымына алсын): «Аманат – намаз, ораза, зекет сияқты парыз болған құлшылықтар. Сондай-ақ, қарызды қайтару, сақтауға берген дүниені иесіне тапсыру һәм сыр сақтау, бұл да – аманат», - дейді.

«Қашан бір бала ғалым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам  болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфәғат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді білім-ғылымды үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылдыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады – ешбір бәһра болмайды. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да қиянатпенен болады. Бұл қиянатшылдар – жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардығ адамдығының кәмәләт таппағы – қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала Өзі – хақиқат, растықтың жолы. Қиянат – хақиқат пен растықтың дұшпаны», - дейді Абай. Он тоғызыншы ғасырдың ірі өкілі, өзі би, өзі жырау Орманбет ақын: «Қанағатсыз билерді «қабан» деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген. Біреудің ақысына зорлық қылған, қиянат қияметте жаман деген» деп адамдардың қиянатшылдықтың ауыр жүгі барын ескертіп кеткен.

Алла Тағала бізге аманатымызға адал болуды жазғай!

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: