20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Құранға махаббат қойған адамның амалдары

Құранға махаббат қойған адамның амалдары

Ислам тарихы

Хәкім Абай қара сөздерінде: «Махаббаттың төлеуі – махаббат» деп айтқанындай, Құранға махаббат қойып, ынтамен оқыған адамға Құран да солай жауап береді, жаттаған аяттары көкейіне тез қонады, оны терең түсінуіне жол ашады.

Құранға махаббат қойған адамдардың бойында төмендегідей амалдар көрініс табады:

Құранды жиі оқу. Қасиетті Құранды оқу – пендені Жаратушысына жақындататын ұлы құлшылық. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сондай-ақ, Құранды өте анқытап оқы», - деп бұйырады («Мүзәммил» сүресі, 4-аят).

Құран аяттары жөнінде ойлану. Алла Тағала Құран аяттарына ой жүгіртуге шақырған және кітаптың түсудегі мақсаты да осы екенін айтып: «Саған аяттарын ойлансын әрі ақыл иелері үлгі алсын деп мүбәрак бір Кітап түсірдік», - деген («Сад» сүресі, 29-аят).

Мінезімізді Құран үйреткен мінезбен сәйкестендіру. Құранды оқып, жаттап қана қоймай, ондағы әдеппен әдепті бола білу – әрбір мұсылманның басты мақсаты боулы тиіс. Айша анамыздан Пайғамбарымыздың (оған Алланың игңлңгң мен сәлемі болсын): мінезі жайында сұрағанда: «Оның мінезі Құран еді» деп айтқан. Шынымен, Құранның әрбір аятына амал еткендігі соншалық, Пайғамбарымыз (оған Алланың игңлңгң мен сәлемі болсын) «Адамдар арасында жүрген тірі Құран еді» деп сипаттаған болатын.

Құран аяттарын оқып, естігенде жүректің ләззатқа бөленуі. Хазреті Осман (Алла оған разы болсын) осы себепті: «жүректерің тазарған болса, Жаратушыларыңның сөзі Құранға тоймайтын едіңдер», - деп айтқан. Ендеше Құранды оқығанда, тыңдаған кезіміздегі жүрегіміздің қандай күйде болатындығына мән беру аса маңызды. Жүрегі Жаратушысы мен Оның елшісіне (оған Алланың игңлңгң мен сәлемі болсын) деген махаббатқа толы адам, Алла Тағаланың кәләмі оқылып жатқанда бей-жай күйде болмауы керек.

Қорыта келе, Құранға деген махаббат – біздің жан-дүниеміздегі шөлді көркейтетін жаңбыр іспеттес. Сеніміміз бен тағдырымыздың қажеттілігі – Алла кітабын түсіну, үйрену және басқаларға үйрету. Ата-ананың балаларына бере алатын ең үлкен мұрасы – олардың өмірін Құранмен безендіру арқылы бойында адамгершілікті қалыптастыру.

Алла баршамыздың жанымызды Құран нұрымен толтырып, әл-Китабқа деген сүйіспеншілігімізді арттырсын!

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

                             

Бөлісу: