26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ережеп айында ораза тұтқан адамға берілетін сый мен сауап

Ережеп айында ораза тұтқан адамға берілетін сый мен сауап

Ислам тарихы

Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болса, соның бірі – ережеп айы. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді:

«Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зулқағда, зүлхиджа, мухаррам, ережеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар».

Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болғандын бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы келген уақытта: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді рамазанға аман-есен қауыштыра гөр!», - деп дұға тілейтін.

Келесі хадистерде Ережеп айы турасында Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. Бір кісі ережеп айын оразамен өткізсе, Жаратушының мынадай үш жақсылығына ие болады:

1.Өткен күнәларын кешіреді;

2.Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;

3.Қиямет күні Алла Тағала оның шөлін қандырады», - десе, тағы бір хадисте: «Кімде-кім ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған «Фирдаус» жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар», - деген мағынада айдың қадірін білдіретін хабарлар жеткен.

материал «Қасиетті үш ай» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: