Адамзатты ең әдемі кейіпте жаратқан Алла Тағала оны ақыл, түйсік, түсіну әрі ойлау қабілеті сияқты ерекше қасиеттерменбезендіріп, жабдықтаған. Әрине, бұл қасиеттердің табиғи де қисынды нәтижесі – жауапкершілік. Барлық жаратылыстың теңдессіз орынды ұстап тұрған адамзаттың ең үлкен жауапкершілігі – Раббысына, жаратқан иесіне «құлшылықты» лайықты түрде жасау.
Алла Тағаланың адам баласына бүл дүниедегі берген нығметтерінің ең ұлысы – Құран Кәрімге тыңдаушы етуі. Бірақ, бұл нығметтің жауапкершілікті арттыратыны сөзсіз. Себебі, «судың да сұрауы бар емес пе?» дегендей, әр нығметтің қарсылығында ауыртпалықтың болуы қисынды қажеттілік.
Адамзат өзіне берілген осы нығметтердің қадір – қасиетін толығымен түсіне алса рухани шаттығуда сәкр халі, яғни ұлы шындықтар алдында есінен тану сияқты халге, дәрежелерге көтеріледі. Себебі, Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Пайғамбарға үмбет болудың қадір-қасиетін түсіну бұл жауапкершіліктің маңыздылығын аңғаруды қажет етеді. Бірақ, бұл пәни дүниені, «сынақ әлемі» етіп жаратып, тәртіпке салған Алла (жәллә жәләлуһу) бұл сынақтың жүзеге асуы үшін адам баласына ғапылдық берген.
Сондықтан, кей-кейде ғапылдыққа бой алдырған кейбір адамдар, Құран Кәрім нығметіне жетудің рухани нәрі мен берекесінен мақұрым қалып, нәпсілеріне бағынып жүргенде, ізгі, тақуа құлдар болса ғапылдыққа бой алдырмай, Аллаға қауышу жолында ілгерілей береді.
Демек, адам өмірі мұндай өрлеу-еңістеу не ирек халде жалғасады. Тарих – жеке тұлғалар мен қауымдардың өркендеп, дамуы немесе еңістеп, жойылуы. Шынында да 1400 жылдық ислам тарихының ең аз дегенде бір мың жылын «кәлиә-и тәухид»ті ұлықтау күресінің көсемі болып өткізген түркі тектес халықтарының бүгінгі таңдағы жағдайын Ислам таразысымен қарағанда, ауыр жауапкершіліктің мойындарына жүктеліп, тұрғанын көреміз. Қаншама десек те, осындай заманда шынайы иман мен ізгі істерге жабысудың құны өзгеше. Себебі, бір идеа әлсіреген уақытта істелінген қайрат, қамқорлық, оның күшті кезінде көрсетілген қайраттаң мыңдаған есе маңызды да, қадірлі де.
Алла әлемді бүкіл мүлкімен адамзатқа аманат етіп тапсырған. Бала-шаға, дүние-мүлік, денсаулық т.б. сол сияқты нәрселердің барлығы осы аманат ішінде. Адам осыны саналы де салауатты түрде түсініп, ұқыпты қолдануға әрі сақтауға жауапты. Бұл аманаттар жиынтығының шыңында сүйікті Пайғамбарымызға Алла тарапынан түсіріліп, адамдарды тура жолға бастаушы Құран Кәрім тұр. Сондықтан, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу құтпасында үмметіне тапсырған аманаттар арасында ең әуелі Құран Кәрімге орын берген, әрі оның мазмұнын, яғни бұйрықтары мен тиымдарын және де басқа шындықтарды жеткізгені жайлы сахабалардан куәлік алған. Соңынан үш рет «Куә бол, ей, Раббым!» – деп, Аллаға сиынған.
Адамзаттың тіл-байлығы қаншалықты көп болғанымен, бәрібір шектелген. Ақыл-есі бүтін әрбір адам пенделік сөздің қандай мағнаға келгенін азды-көпті түсінеді. Ал Алла Тағаланың сөзінде болса ұшы-қиыры көрінбес кеңдік, түбіне жетілмес тереңдік, тойылмас ежелгі үйлесімділік пен мәнгілік ләззат бар. Адамзаттың білімі мен ой-өрісі қаншалықты дамыса да, Құран Кәрімнің мазмұнындағы ақиқаттардың көкжиегіне әсте жете алмас. Себебі, Құран Кәрім ұлы Раббымыздың өзіндегі күллі ақиқаттың біздің түсінік әлеміміздегі сөз бен сөйлемдер түріндегі көрінісі. Жаратушы иеміздің өз болмысын түсіну мүмкін болмағаны сияқты Құрани ақиқаттардың шегіне жету адамзат ақылы үшін мүлдем мүмкін емес.
Құран Кәрім қамтыған мағыналарды баяндау үшін күні бүгінге дейін жазылған Құран тәпсірлері мен аудармалары шегі жоқ яғни, мұхиттан бір тамшы іспеттес. Хазіреті Мәуләнә былай деген: «Құран Кәрімнің сөз – әріптерін біраз сиямен жазу мүмкін. Ал, сырларын жазуға сан жетпес мұхиттар, шексіз теңіздер жетпес!..» Сондай-ақ, Алла Тағала аят кәримаде Құрани шындықтардың шексіздігі туралы былай дейді: «Егер, жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам болса, теңіз сия болса, оның үстіне тағы, жеті теңіз (сия болып) қосылса да, Алланың сөздерін (жазып) тауысуға болмайды. Алла – нағыз жеңімпаз, анық хикмет иесі». (Лұқман, 27)
Адам баласының рухы мен тәні арқылы істеген істеріндегі қадір-қасиетпен үйлесімділік Құран Кәрімнің нұрлы нәрі мен рахметінің әсері. Сол нұрлы нәрден құр қалғанда үйлесімділік жоғалады да, адам өмірі нәпсі қалаулардың шиеленіскен соғыс алаңына айналады. Негізінде, бүкіл әлем, заттардан молекулаларға дейін иләһи тағайындаумен пайда болған жүйеге бағынады. Тек адам баласы өзіне сый ретінде берілген азғантай дәрежедегі «ерік күшін» дұрыс қолданбай бұл жалпы үйлесімділік пен жүйенің сыртына шығып кете алады. Осы әлемнің тек адам баласына арна сынақ әлемі болуы туралы иләһи мұратқа байланысты адамға берілген азғантай дәрежедегі «ерік күшінің» (жүз-и ирадә) иләһи бұйрықтармен тәрбие етіле алмағаны – өте үлкен зиян.
Құран Кәрімге құшақ ашпай, өз тепе-теңдігін жоғалтқан әрбір адам, адамгершілік абыройына кір келтірген, бұндай ұлы нығметке жете отырып, жан түршігерліктей опасыздық жасаған әрі әуестерінің иірімінде тұншығып, жойылған болып табылады. Қасиетті Құран Кәрім адам баласын шындыққа, көркем мінез-құлық қалыптастыруға, құл екендігін түсінуге әрі иләһи бақытқа шақырған үгіттер, әмірлер мен тиымдар жиынтығы. Сонымен қатар, Құран Кәрім ғаламдағы әдемілік терге, сұлулықтарға, құдірет ағыстары мен
нақыштарына назар аудартып, мұсылманның жандүниесін иман шаттығымен тебірентеді. Бұл иләһи жүйе алдында құлдың жүрегін лүпілдетіп, Алла мен Пайғамбарға деген махаббат әлеміне жеткізеді. Еш күмән жоқ – Құран Кәрім мұсылмандарды екі дүние бақытына жеткізу үшін түсірілген. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құранға жақсылап құшақ ашыңдар (бекем ұстаныңдар). Оны жол көрсетуші басшы деп қабылдаңдар. Себебі, ол бүкіл әлемнің тәрбиелеушісі Алла Тағаланың мүбарак сөзі. Одан келді және Оған қайтады» - деп айтқан.
Жеке тұлғаның не қоғамның бақытты болуы Құран Кәрім әлеміне шынайы иман сезімімен кіруге байланысты Құран – кісінің ішкі және сыртқы әлемін жарқырататын иләһи нұр. Ол – көптеген сырларға, ғибраттар мен сабақтарға толы насихат пен үгіт. Тарихи міндеттерін тамамдаған басқа иләһи кітаптар, өздерін жеткізген пайғамбарлармен бірге белгілі мерзім аралығын толтырып иршад (тәлім-тәрбие) алаңын қияметке дейін жалғасын табатын түрде Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасиетті билігіне тапсырып кеткен. Сүйікті Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлемдік әрі соңғы елшілігімен басталған бақыт пен руханият кеңістігі қияметке дейін жалғасын таппақ. Адамзат шынайы бақыт пен тыныштыққа тек Құрани де Мұхаммеди ақиқаттар бойынша өмір сүргенде ғана жетеді. Қасиетті кітабымыздың аяттары – тарихтың бұлдыр беттерін жарқыратып, шешілмей жатқан үлкен мәселелерді ашқан, диние мен ақырет өмірінің көктеміне жеткізетін мұғжизалар аймағы. Құран Кәрім тек бізге өткен халықтардың басынан өткен оқиғаларды хабар беріп қана қоймай, көптеген ғибраттар, сырлар үйретуде, сонымен бірге болашағымыздың жарқын болуы үшін дәріс беруде.
Көңіліне шынайы иман орныққан адамдарға Құран Кәрім – ой жүгірту әлемінің тереңдіктеріне қарай ашылған орасан есік. Ол – ауруға шалдыққан жанға шипа, үмітсіз көңілдерге сапа сыйлайтын, терең сырларға толы иләһи бұлақ. Құран Кәрімнен ұзақ ғұмыр кешу-мәңгілікке көз жұму деген сөз. Ол-қорқынышты ажал алдындағы жанға жұбаныш, өлімнің жаратқан тәңіріге қауышу көпірі екендігін түсіндіретін иләһи сый. Сөздердің ең абзалы, көркемі болғандықтан, пендеге тән дауыстын айбаттылығы мен күштілігі Құран оқу барысында өз шыңына жетеді. Ақиқатқа ғашық жандар әр түрлі, дауысқа тоюы мүмкін, бірақ, Құран дауысына ешқашан! Бірақ, Құран Кәрімнің тек дауысына ғана қулақ асып, терең сырлы мағыналарын түсіне алмағандар оның пенделік өмірдегі берекелерінен мақұрым қалады. Осындайлар, өкінішке орай, жалған дүние ләззатына бой алдырып, лайықты түрде құл болу абыройынан құр қалады.
Өлім әлемінің ешбір ақыл мен зейін шеше алмаған қараңғылықтарын Құран Кәрім бізге ақиқат күнін күші тәрізді баяндап беруде. Осылайша ол көкірекке қорқыныш ұялататын өлім ақиқатын мәңгі әлемге қарай ашылған бақыт есігіне айналдыруда. Туыстарын жерлеген бір талай адам, сол, топырақтың астында болып жатқан оқиғалардан бейхабар. Себебі, олар сауырағаштың тілін түсінбейді. Ескерту ретінде берілген зілзала, дауыл секілді әртүрлі апараттарға ұшырағанда: «бұл – табиғат қубылысы,» - деген бажылдауларымен тығылатын пана іздейді. Ғажеп болғаны – тәңірдің мүлкінде өмір сүріп, сол мүліктің иесіне дұшпандық жасайды немесе немқұрайлы қарайды. Қасиетті аятта бұл жайлы былай делінген: «Адам баласы біздің өздерін бір тамшы судан (мәнишәует) жаратқанымызды білмей ме? Сонда да Аллаға нағыз дұшпан бола қалған». (Ясин, 77)
Құранға құшақ жайып, бой ұсынған жанұя, халық, қоғам қашан да болса бақытқа жетіп, абат болған, оған тарих куә. Құран Кәрімді қабылдамаған қауымдардың өзі (батыс әлемі сияқты) дүниеге тән бақытқа жетулері, Құрани болғанын білмей іске асырға кейбір дәстурлердің арқасында. Сондай-ақ, олар Құранға қарыздар. Әрбір ұлттың келешегі – жастарының қасиет – ерекшеліктеріне байланысты. Әр ғасырдың жастары, өз мінезіне сәйкес әрі ішіндегі күштін жұмсай алған ерекше шаттығу әлемінде сәйкес өмір сүреді. Ал бұл шаттығу, яғни жандүниеде пайда болған күшті сезімдер сол дәуірдің салтдәстүрлерінен күш алады. Қоғам осы сезімдермен иленеді. Бұл сезімдер кейбір жастарда лаулап тұрған оттай сенімге айналады. Алайда, жастар иман ақиқатын лайықты түрде түсіну қабілетіне ие емес. Әр ұлт өзі жастарының сезімі мен ой-санасына қарай түрге енеді.. Бұл әлемнің бар болу себебі – Алла Тағаланың өз ақиқатына сәйкес түрде білінуі, түсінілуі мен пенделік өмірдің осы түсінік бойынша жалғасуы екендігін ұмытпау керек. Ал, бұл болса Исламның арқасында мүмкін болғандықтан, Исламның қияметке дейін жалғасуы, осы, құдайы қалаудың табиғи нәтижесі. Сондықтан да, Ислам дінінің үстемдігі мен жеңімпаздығының шарықтауы не төмендеуі тарих беттерінен көрілсе де, ол мүлдем жоғалмайды. Күн нұрын өшіру адамзаттың шалгасынан тыс болғаны сияқты, иманды, Исламды жоқ ету әсте мүмкін емес. Себебі, ол Алла Тағаланың қорғауында. Оның нақты түрде жоқ болып кетуі қиямет – қайымның орнауы деген сөз, яғни ол бітсе, әлем де бітеді. Бірақ, иләһи ерік-қалау бұл дүниеде себеп-салдардың арқасында көрініс табады. Әлбетте, Ислам өз жалғасын табуы үшін болғандай, оның үстемдік құруы көптеген себептерге байланысты. Бұл себептердің ең әсерлендіргіші, мұсылманның Құран Кәрімге құшақ ашып, оның қалағанындай мінез-құлық қалыптастыруы және де көрсеткен тура жолында бағыт алумен көрініс табады. Хақ пен ақиқат атына, әр үзіліс кезенінен құтылудың бір тек шарасы, ықпалы – Құран Кәрімге деген қызмет жолында қайратты болудан тұрады. Негізгі берекет осында.
материал «Махаббат сыры» кітабынан алынды,
ummet.kz