02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Мені жәннатқа жетелейтін бірнәрсе үйрет»

«Мені жәннатқа жетелейтін бірнәрсе үйрет»

Ислам тарихы

Әбу-Дәрда (радиаллаһу анһу) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Маған, мені жәннатқа жетелейтін бір нәрсе үйрет! - деп өтінді. Әлемнің мырзасы:

– Ашуланба! (Бухари, Әдеп76; Тирмизи, Бирр 73) - деді.

Тағы басқа бір кісі Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Уа, Расулалла! Көп нәрсе істейтін күшім жоқ! Маған бақытқа жетелейтін төте бір жол көрсет! дегенде, оған да:

– Ашуланба! (Бухари, Әдеп 76; Тирмизи, Бирр 73) деп бұйырады.

Басқа хадис шәрифтерде де: «Алла Тағала ашуын (ұстап тұра алған) басқан адамның айыптарын жабады!». (Ихия 3, 372)

«Алла алдында Оның ризалығына ие болу үшін, құлдың ашуын жұтқаннан артық сауап іс жоқ!» (Ихия, 3,392) - деп бұйырылған.

«Күшті, қуатты палуан – әркімді жерге ұрып жыққан емес, нағыз қаһармен - ашуланған кезінде өзінөзі ұстаған». (Бухари, Әдеп 102; Тирмизи, Бирр 106-108)

Пайғамбарлар, әулие мен ғұламалар ашуды жеңу үшін үнемі күш-қайрат жұмсап, көңіл бөле отырып, кешірім жолын ұстауды өздеріне бақыт деп санаған. Хазіреті Юсуфтың өзіне зұлымдық жасап өлтіргісі келген бауырларынан өш алу мүмкіншілігі туғанда, оларға кешірім жасады. Сонда олар «Аллаға ант етеміз, шынында Алла сені бізден артық, ерекше жаратыпты. Біз шынында да қателесіппіз». (Юсуф-91) - деп, істегендеріне өкініп, истиғфар етіп, оған бой ұсынды. Юсуфта (аләйһиссәләм) кешіріммен бірге, үлкен жақсылық ретінде: «Сендерге бүгін сөгіс жоқ, Алла асқан мейірімді» - (Юсуф, 92) деді.

Мейірімділік пен кешірімділіктің ең көркем үлгілері Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінде. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) немере ағасы Хазіреті Хамзаның бауырын кегінен себеп, аяусыздықпен шайнап тастаған Хиндті, Меккені жеңіп алған күні кешірді. Қызы Зейнептің (радиаллаһу анһә) жүкті екендігіне қарамастан, түйенің үстінен жерге құлатып, ауыр жаралаған Хабир бин Әсәдті иманға тілін келтіргендіктен кешірді. Осындай, осыған ұқсас үлгілер Хазіреті Пайғамбардың өмірінде санап бітіре алмайтындай көп: Ашуланған кездерінде орнынан тұрмайтын. Хақ пен ақиқатқа қарсы шығып, хақтың аяқ-асты етілуінен басқа нәрселерге ашуланбайтын. Ешкімнің де сезбейтін не байқамайтын бір шындық, аяқ-асты етілгенде де, сол ақиқат ақталып шыққанша ашу-ызасы басылмайтын. Ақиқат ақталғанда ғана тынышталатын. Өзі жаны үшін әсте ашуланбайтын. Ешкіммен өзін ақтап, сөз таластырмайтын.

материал «Махаббат сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: