28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Әйелдердің мешіттегі жамағат намазына қатысу әдебі

Әйелдердің мешіттегі жамағат намазына қатысу әдебі

Ислам тарихы

Алла елшісі (с.а.с.): «Алла балиғатқа жеткен әйелдің жаулықсыз оқыған намазын қабыл етпейді», – деген.

Хадистің мағынасы: балиғат жасындағы әйел басы мен мойынын жауып, тобығына дейін жететін ұзын киім кимейінше, Алла оның намазын қабыл етпейді. Әрі дене бітімі көрінбейтіндей матадан тігілген киім бүкіл денесін жауып тұруы керек. Намазда оған басқа еркектің көзі түспейтін болса, бетін және қолдарын ашуына рұқсат етіледі, өйткені бұлардың жабық тұруына қатысты дәлел жоқ.

Әйелдер сәнденбесе, әшекей бұйымдарын тақпаса, опадалап жақпаса, иіссу себінбесе, бір сөзбен айтқанда, ер кісілерді өздеріне қызықтыратын, сұқтандыратын нәрселерді пайдаланбаса, мешіттегі жамағат намазына қатысуына рұқсат етіледі.

Алла елшісі (с.а.с.): «Өздеріңнен рұқсат сұраса, әйелдерді мешітке баруларынан қайтармаңдар», – деген. Бұл хадистен шығар қорытынды, жамағат намазына қатысу үшін тұрмыстағы әйел күйеуінен, ал қыз бала ата-анасынан не қамқоршысынан рұқсат сұрауы тиіс.

Алла елшісі (с.а.с.): «Хош иіс себінген әйел бізбен бірге түнгі (яғни құптан) намазына қатыспасын»; «Иіссу себінген әйел мешітке келсе, толық ғұсыл құйынбайынша, оның намазы қабыл болмайды»; «Әйелдеріңнің мешітке келуіне тыйым салмаңдар, алайда оларға өз үйлері жақсы», – деп айтқан. Соңғы хадистің мазмұны әйелдердің үйдегі намазы мешіттегі намазынан абзал дегенге саяды.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: