10
Жұма,
Мамыр

һижри

Ислам – адамға тыным бермейтін, қиындық туғызатын дін емес

Ислам – адамға тыным бермейтін, қиындық туғызатын дін емес

Ислам тарихы

Ислам – адам баласына тыным бермейтін және қиындық туғызатын дін емес. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Таһә. Құранды саған қиыншылық көруің үшін түсірмедік!» («Таһә» сүресі: 1,2).

Адамның жан дүниесі, анда-санда түздің тірлігінен де, үйдің тірлігінен де біраз тынығуды қажет етеді. Бұл тынығу ерлі-зайыптылардың табиғатқа шығып серуендеуі арқылы немесе оңаша отыруға қолайлы асханаға барып отырулары арқылы жүзеге асады. Тіпті үйдің ішінде бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтерулерінің өзі қайда жатыр?!.

Айша анамыз (р.а) былай дейді: Бірде Алланың елшісімен (алайһи ас-солату уа ас-салам) бірге сапарға шыққан едім, денеме салмақ бітпеген, енді ғана бойжеткен кезім болатын. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!» - деп, олар ілгері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық» - деді. Екеуміз жүгіріп жарыстық та мен одан озып кеттім. Ол үндемеді. Кейін бойыма ет бітіп салмақ қосқанымда онымен бірге тағы бір сапарға шыққан едім. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!» - деді, олар ілгері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық» - деді. Мен бұрынғы болғанды ұмытып кетіппін. Бұл кезде біраз салмақ қосқандықтан: «Әй, Алланың елшісі, мына күйімде сенімен қалай жарысамын» - дедім. Ол: «Айтқанымды орында!» - деді. Екеуміз жүгіріп жарыстық та ол менен озып кетті. Сосын күліп, маған былай деді: «Бұл – ана кездегі үшін». Теледидарда иманын арттыруына, білімін жан-жақты көтеруіне және тәжірибе жинауына көмек беретін пайдалы бағдарламаларды көріп тынығуына болады.

Айша анамыз (р.а) былай дейді: Алланың елшісі (с.ғ.с) мені шапанымен бүркеп тұрып, мен мешіт ішінде эфиопиялық мұсылмандардың әскери ойындарын көретінмін, ол мені емес, мен оны жалықтыратынмын. Олай болса, көңіл көтеруді қатты қалап тұрған бойжеткен қыздың лайықты сыбағасын беріңдер».

Айша анамыз (р.а) былай дейді: Алланың елшісі (с.ғ.с) сапарға шығар кезде әйелдерінің арасына жеребе тастайтын, қайсы әйелінің есімі шықса, соны қасына алатын. Үмму Атия (р.а) былай деді: «Айт мейрамдарында жақсылыққа куә болып, көңіл көтерулері үшін, бой жеткендер мен етеккір кезіндегі әйелдерді үйлерінен шығаруымыз бұйырылатын».

Анас (р.а) былай деді: Адамдардың ішінде мінез тұрғысынан ең жақсысы пайғамбарымыз (с.ғ.с) болатын. Менің Әбу Умайр дейтін бауырым болатын, – хадисті жеткізуші кісі: емшектен шыққан жаста болса керек,- дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған келген кезінде: «Әй, Умайр, не істеп қойды Нуғайр» - дейтін. Нуғайр дегеніміз – торғайлардың бір түрі.

Бірде Айша анамыз (р.а) исламнан бұрын еркектердің өз әйелдеріне қандай қарым-қатынаста болғанын сөйлейтін нақты әңгімелерді пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтып берген екен. Сөйтіп, әңгімелерде айтылған кейіпкерлердің ішінде әйеліне ең жақсы қарағаны Әбу Зарғ деген кісі болып шығады. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамызға: «Әбу Зарғ Үмму Зарға қалай қараса, мен де саған солай қарадым ғой, ә?» - дейді. Зайд ибн Асламның айтуынша Үмму Айман есімді эфиопиялық бір әйел Алланың елшісіне (с.ғ.с) келіп: «Сізді менің күйеуім шақырады» - дейді, пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған: «Ол ана көздерінде ағы бар кісі ме?» - деп сұрайды, әйел: «Оның көздерінде ағы жоқ» - деп жауап береді, пайғамбарымыз: «Оның көздерінде ағы болу керек» - дейді, әйел: «Аллаға серт, ондайы жоқ» - дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Көзінің ағы болмайтын ешбір адам жоқ» - дейді.

Айша анамыз (р.а) былай деді: «Мен етеккір күйде болғанымда пайғамбардың (с.ғ.с) ыдысымен сусын ішетінмін. Менің аузым тиген жерге аузын қойып, сол ыдыстан ол да ішетін». Алланың елшісі (с.ғ.с) әйелдерімен де, қыздарымен де, сахабаларымен де анда-санда осылай көңіл көтеріп, өзінің де жан дүниесін, өзгелердің жан дүниесін тынықтыратын еді. Ер адамның мұндай қасиетке ие болуы оның айбындылығын кемітпейді, кеміткен болса, Алланың елшісі (с.ғ.с) оны ешқашан істемеген болар еді, алайда оны істеді және оның жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасы, әзілі мен көңіл көтеруі біз үшін кәміл өнеге болып саналады. Әрине, әр нәрсе өзінің шегінен аспауымен сүйкімді болады, сол себептен көңіл көтерем деп міндеттер атқарылмай қалып жатқан болса, парыздар қаза болып жатса, пайда емес, зиян шеккен болады, сол себептен тағамға дәм беру үшін, тұз қаншалықты көлемде қажет болса, тіршілікте де көңіл көтерудің, тынығудың соншалықты көлемде араласуы қадағаланса дұрыс болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Алланы еске алудан басқа нәрсенің барлығы – ермек пен ойынға жатады, тек мына төртеуі олардың ішіне кірмейді: ер адам әйелімен көңіл көтерсе, біреу тұлпарына күтім берсе, біреу атыс орны мен нысананың арасында жүрсе (яғни садақ атуы), біреу біреуге суда жүзуді үйретсе...»

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: