17
Жұма,
Мамыр

һижри

Балалық шақтағы реніш тарихты өзгертеді

Балалық шақтағы реніш тарихты өзгертеді

Ислам тарихы

Ренішті «балалық сезім» деп те атап жатады. Ал үлкендер біреулер ренжіп қалса, «не болды бала құсап» деп жатамыз ғой. Шынымен де өкпе, реніш сезімдерімен бала кезімізде танысып үлгереді екенбіз.

Алайда үлкен бола тұра оны басқаруға күшіміз жетпейді. Ішкі көңіл сезімдері ақылмен басқаруға келмейді, ол өз өмірімен өмір сүреді, адамды игеріп алатын құдіретке ие. Олар уақытқа да тәуелді емес. Басқаша айтқанда, тіпті елу жыл бұрын өтіп кеткен, жанды жаралаған жағдайлар сезімнің ықпалымен орын алғаны анық және ол психикаға уақыт мөлшері жағынан маңызды емес. Елу, жиырма, он жыл бұрынғы болған жағдай қанша жыл өтсе де, әсері жойылмай, адамның өмір тарихына ықпал ете алады.

Өкпе – психологиялық тұрғыдан айтар болсақ, алып күшке ие, тіпті, жылдар бойы адамның өміріне ықпал етіп тұра беретін сезім. Өкпе – ол сезім, шарасыздық пен ашу араласқан сезім. Ашу – психологиялық шекара бұзылғанда көрініс табатын, бірақ адамның ұстамдылығымен тежеліп тұратын негативті күй. Бұл жағдай бала кезден бастау алады. Ата-ана баланың ашуын көтере алмаған кезде, оны басып тастап отырған. Сол кезде бала шарасыздықтан «өзімді қорғау үшін ештеңе істей алмадым-ау» деп өкпелейді. Өкпенің басым бөлігі ескі болады әрі ол адаммен өмір бойы бірге ғұмыр кешеді.

материал «Кешірдім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: