11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Құран Кәрімді оқу – сүннет, тыңдау – парыз

Құран Кәрімді оқу – сүннет, тыңдау – парыз

Ислам тарихы

Ғибадат ішіндегі ең ерекше, абзал болғаны – Алланың кітабы Құран Кәрімді оқу.

Белгілі себептерге байланысты, намазды тіке тұрып оқи алмайтындар, отырып, немесе жатып оқыса болады. Бірақ қирағатсыз (Құран аяттарын оқу) намаз болмайды. Сонымен қатар, Құран Кәрімді әдемі дауыспен мәнерлеп, дұрыс әрі ең әдемі суретте оқу тиіс. Сондай-ақ Хақ Тағала былай бұйырған:  «Құранды байсалды, ашық (ретті түрде) оқы!» (Мүзәммил, 4) Құран Кәрімге көрсетілетін құрметтердің бірі, оны оқу – сүннет, тыңдау – парыз екенді. Аят кәримаде төмендегідей бұйырылған:

«Құранды байсалды, ашық (ретті түрде) оқы!» (Мүзәммил, 4) Құран Кәрімге көрсетілетін құрметтердің бірі, оны оқу – сүннет, тыңдау – парыз екенді. Аят кәримаде төмендегідей бұйырылған.  «Құран оқылғанда құлақ қойып, үнсіз тыңдаңдар! Мүмкін, сонда сендерге рақымдылық көрсетілер». (Ағраф, 204) Өйткені, тыныш тұру жақсы тыңдауға, жақсы тыңдау парасаттылыққа, парасаттылық болса рухани нәрдің көбейіп, иләһи мейірімділікке бөленуге себепкер болады. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ибн Мәсудқа (радиаллаһу анһу) Құран Кәрімді оқы дейтін және көздерінен жас ағы тұрып, үлкен рухани сезіммен тыңдайтын.

Бір ата-ананың баласы оқыған Құранды тыңдап, әсерлену қандай ұлы бақыт. Тұқымның болашағына жасырылған шынар ағашы секілді, еңбегіміз сінген балаларымыз ұлы жаратушымыздың сүйікті салих (ізгі) және садық (шыншыл) құлдарынан болуы мүмкін. Осындай ата-ана қандай бақытты!.. Алла достарынан Махмут Сали Рамазанұлы (құддисә сирруһ) Адана деген жерде балаларына жақсы діни тәрбие беріп өткен бір қаридің (Құранды түгел жаттаған кісі қабірінің үстінен отыз жылдан кейін жол салынуы керек болғанын сонан, соң қабірін ашқанан кейін де оның денесінің, тіпті, кебінінің шірімей, су жаңа тұрғанын өз көзімен көргендігін айтқан. Хадис шәрифте айтылған: »Құранды жаттаған (Құран Кәрім үкімдерімен өмір сүруші, онымен мінез-құлқын түзеткен, даналығымен тәрбиеленген Алла досы қари) кісі өлгенде Алла оның денесін шірітпеуі үшін жерге уахи (аян) етеді. Жер жауап ретінде: «Ей, Раббым, сенің сөздерің көкірегінде болған кісіні қалайша шірітпекпін?» (Суюти, Қабір әлемі, 444 бет)

Хазіреті Мәулана былай деген: «Құран Кәрім пайғамбарлардың халі мен сипаты. Оны іштей жалбарына терең оймен оқып, іс жүзіне асыра алсаң, пайғамбарлармен жолықтым деп ойлан! Пайғамбарлардың қиссаларын оқыған сайын тән деген қапас, жан деген құсқа тар келе бастайды!»

Адам (аләйһиссәләм) әкесі болмағандықтан, оның ұрпақтарына махаббат, сүйіспеншілік жоғарыдан төменге қарай ақтарылған, яғни әр кісі өз ата-анасын құрметтеп, қастерлейді. Тіпті, белгілі мөлшерде оларға деген махаббаты болады. Бірақ, ата-ананың ұл-қызға деген махаббаты, сүйіспеншілігі олардікінен әледеқайда көп. Таразының басын басатыны соншалық, Алла Тағала сүйікті нәрселердің ішінде тек бала-шаға мен малмүлікті, ғана Алла жолына бағытталмаған жағдайда пітінә, яғни, Алла мен құлы арасына іріткі салатын; жоқ, егер де Оның жолына бағытталатын болса, оны да зейнет деп, сипаттайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде балаларын осылай тәрбиелеген атаананы былайша қуандырады: «Құран Кәрімді оқыған кісінің қияметте ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Нұрдан киімдер кигізіліп, жәннат пырақтарына мінгізіледі. Олардың айналасында періштелер айналып жүреді де, оларды жәннатқа қарай жібереді. Оларға төмендегідей дауыс естіледі: «Бұлар дүниеде ұл-қыздарына Құран Кәрімді оқуды үйреткен, үйренулері үшін жан-тәнімен күш жұмсаған ата-аналар». (Әбу Дәуіт І, 355)

Адамның жаратылысында балаларға деген махаббат бар. Сондықтан, әрбір адам ұлды-қызды болсам дейді. Алайда, оларға берілетін әдемі бағыт көрсетудегі жауапкершілікті жақсылап ойланса, төбе шашы тік тұрмайтын адам болмаса керек. Сонымен қатар, ұл-қызды жақсы бағытаудағы жетістік адамзаттың жаратылуына негізгі себеп болған «Жартушысына құлшылық етіп, Оны ұлықтау» деген мақсатқа байланысты болғандықтан бұдан артық, құн жетпес табыс болмаса керек. Балашағаны бағу, оларды рухани тәрбиелеудегі кездесетін қиыншылықтар ата-ананың күнәларының кешірілуіне себепші болып табылады. Бұл садақа беруден де абзал. Рухани, діни тәрбие алған ізгі ұл-қыздар, қияметтің қорқынышты күнінде ата-ана мен тозақ арасында перде болады. Ұл-қыздарымыз байлықтың ең қадірлісі, Раббымыздың бізге берген ең үлкен сыйы. Хайуанаттар тіпті өсімдіктердің ұрпақтарын әр түрлі қиыншылықтардан жан-тәнімен қорғап жатқанына қарағанда ең әдемі кейіпте жаралған және ғаламның ең ұлы болмысы болып есептелетін, адамзат өз нәсілдерін қорғаштамауы, яғни рухани байлықтар мен Құран Кәрімді үйретпеуі, тәрбиелемеуі өте аянышты жағдай.

Әке-шешенің негізгі міндеті оларды мөлшерден тыс тойдырып, киіндіру емес, оларға рухани азық беріп, болашаққа дайындау. Ата-ана Алла Тағала мен Хазіреті Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген махаббатты әрі мұның маңыздылығын баланың көңілінен орын алдырмаса, ол бала «діни міндетімді атқарсам болғаны» деп көңілсіз құлшылық етеді. Мұның ақыры намазды кейде оқып, кейде оқымауға апарып соғады. Ғибадаттан ешқандай рухани ләззәт ала алмайды, мақұрым қалады. Ұл-қыздарымызды Құран мен сүннет (пайғамбарымыздың жолы) аясында өсіріп, тәрбиелеуіміз – оларға деген мейірімділік пен сүйіспеншіліктің қажеттілігінен; ал немқұрайлы қарағанымыз – зұлмат. Оларға келін немесе күйеу бала іздестіргенімізде дүнияуи байлығына емес, рухани байлығына көңіл аударуымыз керек. Себебі, дін тәрбиесі болмаған, рухани байлықтарын білмейтін жанұялар ажырасып жатады. Яки, қиыншылыққа толы бір ғұмыр кешеді. Ұл-қыздарымызды әуесқойлықтан, шектен шығудан, қыдырудан әрі ысыраптан, сондай-ақ үйге жай уақытта келіп-кетулерден және де, әдептілік пен инабаттылық бұзатын газет, журнал, телевидиние сияқты ахбараттан сақтап, Аллаға, Құранға, Пайғамбарға, шыншыл әрі салиқалы, әулиелерге деген махаббатпен көңілдерін толтыруымыз қажет. Сөйтіп, жүректері зұлматан аман қалып, нұрлы бүршіктермен жандансын.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: