Алған қарызын өтейін десе де өтей алмай, шынайы қиналған адамның қарызын кешірудің сауабы мол. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді:
«Бірде Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің есігінің алдында бір-бірімен ұрсып, бірі екіншісінен қайырым етіп, қарызының бір бөлігін кешіруін сұрап жатқанда, екіншісі оған: «Алланың атымен ант етемін, олай істемеймін!» – деп айтып жатқанын естіп: «Алланың атымен ант етіп, жақсылықты істемеймін деп жатқан қайсысың?» – деп сұрады. Сонда ол адам: «Бұл менмін, уа, Алланың елшісі! Оған оның сұрағаны болсын (яғни, оның қарызын кешірдім)», – деді» (имам Бұхари, Мүслим).
Кімде-кім қарыз алған адамның қарызын кешірсе, Алла ол адамды кешіреді. Хузайфа (Алла оған разы болсын) былай деді: «Алла Тағалаға байлық нәсіп еткен құлын алып келеді де, одан: «Сен жердегі өміріңде не істедің?» – деп сұрайды, ал оның, еш нәрсені жасыруға шамасы келмейді. Жауап ретінде: «Уа, Раббым! Сен маған байлық сыйладың, мен болсам адамдармен сауда істерін жүргіздім. Маған кешірім жасаушылық бейім болды және мен қаражат мәселесінде адамдарға жеңілдік жасайтынмын және қиыншылыққа тап болған адамға қарызының мерзімін ұзартатынмын», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Менің ондайға, оған қарағанда ақым көбірек, менің құлымды (еркіне) қойыңдар!» – дейді (имам Мүслим).
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім қиыншылыққа тап болғанның қарызын өтеуге уақытын ұзартса, не болмаса оны кешірсе, ондай құлды Алла Тағала көлеңкелер болмаған күні Өзінің Аршысының көлеңкесіне алады», – деген (имам Ахмад).
материал «Ислам әдептері» кітабынан алынды,
ummet.kz