27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартуға бола ма?

Мәкруһ уақыттарда зікір айтып, тәспих тартуға бола ма?

Ислам тарихы

Мәкруһ уақыттары тек намаз, жаназа және тиләуәт сәждесіне қатысты[1].

Тәспихаттарға қатысы жоқ. Сондықтан да, мәкруһ уақыттарда Алланы еске алып, тәспі тартудың және Құран оқудың ешқандай ағаттығы жоқ.

Құран Кәрімде былай делінеді: «Алланың өзін ұлықтап, өз атын еске алуға бұйырған үйлерде (мешіттерде) ертелі-кеш Алланы пәктеп, оған тәспих айтылып тұрады»[2].

 

[1] «Сахих Мүслімде» риуаят етілген бір хадисте былай делінеді: «Мына үш уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан және мәйіттерімізді қабірге көмуімізден тыйды (жаназа намазы): Күн шыға бастағаннан көтерілгенге дейін, тапа тал түсте зәуәл уақытына дейінгі және күн бата бастағаннан, ұясына кіргенге дейінгі уақыт.  (Китабу Салатил Мусафирин уа қасриһа).

[2] Құран Кәрім: «Нұр» сүресі, 36 аят.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: