27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Алла Тағала кімге 5 нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы 5 нәрсе береді

Алла Тағала кімге 5 нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы 5 нәрсе береді

Ислам тарихы

Бір ағамыз «Үйленгім келеді, неден бастайын?» деген жігітке «Емдел!» деп қысқа ғана жауап берген еді. «Емдел» дегенді қалай түсінеміз? Мен мұны физиологиялық, психикалық һәм рухани ауруларыңды емдеу деп түсінемін.

Емделу үйленуге дайындықтың ең алғашқы сатысы дер едім. Дайындықсыз үйлене салу дайындықсыз көлік жүргізуге ұқсайды. Көлік айдауды білмесең, жол ережесінен хабарың болмаса, көп ұзамай біреуді қағасың және өз өміріңді құртуың мүмкін.

«Физиологиялық емделу» деген түсінікті шығар. Тәніңді емде деген сөз. Қажет болса чекаптан өтіп, анализ тапсыр. Созылмалы ауруларың болса, соларды емдет. Менің бір досым үйленбестен бұрын болашақ жары екеуі медициналық тексеруден өткен еді. Резус деген нәрсе бар. Ерлі-зайыптылардың қан тобы сәйкес келмесе, бала сүю ықтималдығы азаяды. Витамин жетіспеушілі бар. Тез шаршағыш адамдар болады. Кейін отбасылық өмірде кері ықпалын тигізуі мүмкін.

«Психикалық емделу» дегенді психологиялық жарақаттарыңды емдеу деп түсінемін. Оларды емдеу үшін психологиялық кітаптарды оқып, өз эмоция, ойларыңды түсінуге тырыс. Қажет болса, психологқа бар. Психикасында проблема бар адам отбасылық өмірде өзіне де, жұбайына да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Мысалы, бір қызда «травма покинутого» бар. Лиз Бурбоның «Пять травм» деген кітабын оқуды кеңес етемін. Ол сыйлық алғанды ұнатпайды, үнемі басқаның көңіліне қарап, оның мақұлдауын күтіп отырады. Оған күйеуі сыйлық жасаса, «оданша анаңа жасамадың ба? Ертең сөйлейді ғой» дейді. Ол өзін сыйлық алуға лайық санамайды. Бірақ көңіл бөлмесең, өзін жалғыз сезініп, ренжиді. Оны күйеуі түсінбей, ашуланады. Жалпы әйел адам қабылдау өнерін, ал ер адам беру өнерін меңгеруі керек деп ойлаймын. Осындай шешілмеген психологиялық проблемалар отбасылық гармонияға салқынын тигізуі мүмкін. Айта берсе, көп. «Мен оқуға ұсынатын кітаптар» бөлімінде тағы да басқа психологиялық кітаптардың тізімін беремін.

Рухани ауруларға қызғаныш, тәкаппарлық, сараңдық, т.б. жатады. Оларды емдеу үшін ең әуелі олардың табиғатын түсініп алуың керек. Сосын олардың емдеу тәсілдерін қолданып, өзіңмен жұмыс істейсің. Ерсін Әміренің желіде күшті дәрістері бар. Әл Ғазалидің «Ихия ъулумид дин» кітабы бойынша өткізген дәрістері. Сол жерде рухани дерттер жайлы жақсы-жақсы ойлар айтылады. Психологиялық кітаптардан ондай білімді кездестірмеген едім.

Үйленуге дайындықты емделуден бастау – ең дұрыс шешім дер едім.

материал «Не үшін үйлену керек?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: