Шейх Мұхаммед Юсуф Мұхаммад Садықтың (рахимаһуллаһ) жары Фатима қажы анамыз бір сұхбатында:
"Шын мәнінде,ғалым күйеуін түсіну және оның жасаған ісінің маңыздылығын түсіну үшін әйел адамда ғылымға деген сүйспеншілікпен бірге белгілі бір дәрежеде исламдық білім де болуы керек. Әйтпесе, ғылымның қадіріне жетпеген әйел – ғалымның да қадіріне жетпейді. Алла Тағала ол әйелге нәсіп еткен бұл үлкен нығметті қор етуі мүмкін", - деген еді. Осыдан-ақ ислам әлеміндегі қаншама ғалымдардың білімде биік дәрежеге жетуіне аналарымыздың да үлесі бар екенін ұғуымызға болады.
Оған мысал, имам, үлкен мухаддис Хайсамидің әйелі оған Хадис ілімі кітаптарын оқуға көмектескені. Сол сияқты әз-Зухри (рахимахуллаһ) күндіз ұстазынан жаңадан естіген хадистерін түнде үйіне барғанда әйеліне айтып беріп, қайталайтын.Тіпті үйіне кеш оралса да, ұйықтап жатқан әйеліне: "маған пәленше риуаят етті, оған түгенше риуаят еткен, ал оған Пайғамбардан естуі бойынша былай деген", - деп хадисті жатқа айтып болған соң, "бұл сенің қажетіңе жарамауы мүмкін, алайда бұл хадисті мен бүгін бірінші рет естідім. Біреуге айтып беріп қайталауым қажет", - деген екен.
Ал шейх Абдуссалям Шаннар әйгілі "хидаяға" тахқиқ жазғанда басынан аяғына дейін әйелі көмектескен екен. Сол үшін де кіріспеде әйеліне бұл еңбегі үшін Алладан дұға етіп, алғысын білдірген.
Оған қоса Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (ғалым бол, не шәкірт бол, не оларды тыңдаушы бол, не болмаса соларды жақсы көр, бесіншісі болма) - деген хадисіне ең көп амал етуші осы аналарымыз болса керек. Кейбір ғалымдардың бұл хадиске бесіншісі етіп оларға қызмет етушілерді де қосар едім дегенін айтпағанда...
материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,
ummet.kz