Бірде Әбу Хазимге: «Уа, Әбу Хазим! Сенің басты капиталыңсне нәрсе?” деп сұрақ қойылды.
Сол кезде ол: «Менің басты капиталым – Аллаға деген сенім және адамдарға мұқтаж болмау» деді. Бұрынғы ізгілеріміз басқаға қол жаюды қорлық деп білген. Сол себепті тек Аллаға ғана мұқтаждық білдіріп, адамдарға қол жаймау үшін сауда жасап, өз күнін өзі көруге ұмтылған.
Әйуб әс-Сихтияни есімді ғалым бір адамға: «Ей пәленше, дүкеніңе ие бол. Расында дүкен – сені адамдарға тәуелсіз етіп, дініңе берік етуші нәрсе» деп өсиет еткен еді.
Әбу Хазим (рахимаһулла) өзінің бір сөзінде: «Біздін өмір – патшалардың өмірі. Біздің дін – періштелердің діні» деген екен.
Бұл сөзді түсіндіре келе кей ғалымдарымыз былай дейді: «Патшалардың өмірі дегені – Аллаға толық тәуекел еткеніміз себепті, біз – патшалар секілді ішіп-жемді уайымдамаймыз. Періштелердің діні дегені – біз де намаз оқығанда Алланы көріп тұрғандай оқуға бұйырылдық дегені».
материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz