26
Жұма,
Сәуір

һижри

Адамдардың сүйіспеншілігіне қалай жете аламыз?

Адамдардың сүйіспеншілігіне қалай жете аламыз?

Мақалалар
Жарнама

Хасан әл-Басри:

«Адам баласы басқа адамдармен олардағы дүние-мүлікті алғысы келмейінше жақсы қатынаста қалады, егер бұлай болмағанда, олар оған мән берместен елеусіз қатынас қалады, егер бұлай болмағанда, олар оған мән берместен елеусіз қатынас жасай бастайды және оның өзін де, сөзін де жек көретін болады», - деген.

Бір бәдәуи Басра тұрғындарынан: «Сендердің басшыларың кім?», - деп сұрағанда, олар: «Хасан», - деп жауап береді. Бәдәуи: «Ол ненің көмегімен сендерге билік жүргізеді?», - дейді. Олар: «Адамдар оның біліміне мұқтаж, ал ол олардағы бұл дүниелік байлықтарына мұқтаж емес», - деп жауап береді. Сонда бәдәуи: «Бұл қандай тамаша!», - депті.

Мұндай қасиеттердің билеушілер мен ғұламаларда болуы өте жақсы. Билік басындағылар дүниеден баз кешсе, адамдар оларды жақсы көреді және оларға еліктеп, ілеседі. Ал ғұламалар бұл дүние игілігінен баз кешсе, бұларды да адамдар жақсы көреді, олардың сөздеріне құрметпен қарайды. Олардың уағызына құлақ қойып, ұстанған жолына ілесе бастайды. Бір күні Ибн Сәләм, Омар (Алла оған разы болсын) қатысып отырған жерде Қағбтан (Алла оған разы болсын): «Ғұламалар ғылымды игеріп, оны сақтауға кіріскен кезде сол ғылымды олардың жүрегінен жойып жіберетін не?», - деп сұрайды. Ол: «Оны жоятын іс – ашкөзділік, жан дүниенің сараңдығы және басқалардың қолындағыға көз аларту», - дейді. Сонда Омар (Алла оған разы болсын): «Сен шындықты айттың», - депті.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: