16
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Кімнің бойында төрт негіз теңессе, барлық мінезі кемелденеді

Кімнің бойында төрт негіз теңессе, барлық мінезі кемелденеді

Ислам тарихы

Кімнің бойында осы төрт негіз теңессе, барлық мінезі кемелденеді:

1. Ақыл күшінің әділ болуы әрекеттің көркемдігін, зейіннің тынықтығын, ой-пікірдің дұрыстығын әрі сенімді болуын нақтылайды. Сондай-ақ амалдың күллі қырларын, нәпсі апатының жасырын орындарын көрсетеді. Ақыл орта шегінен асатын болса, онда айлакерлікке салынады және алдау мен арбауға көшеді. Егер ол орта деңгейден төмен болса, түсінбеушілікті, қараңғылық пен ақымақтықты жҽне кем ақылдылықты шақырады. Расында да адамның ойлау мен қиялдау күші қаншалықты сау болғанымен тәжірибесіздіктің салдарынан ол кейде ауруға ұқсайды. Ақымақ пен кем ақылдының айырмашылығы, ақымақтың мақсаты дұрыс, бірақ оны іске асыру жолы бұзық. Себебі ақымақ өзінің діттеген мұратына алып баратын жол хақында дұрыс ойлауға дҽрменсіз. Ал ақылы кемтар адам, таңдауға мүлдем болмайтын нҽрсені ұнатып қалады. Негізінде кем ақылды адамның таңдау ықтияры да дұрыс емес.

2. Ерлік мінезіне ие болған адам мейірімділік, қайырымдылық, мұқтаж адамға қол ұшын беру, игілік, кішіпейілдік, төзімділік пен жұмсақтық, тұрақтылық, ашуды тежей білу, байсалдылық, ізгілік және достық сияқты т.б. жақсы мінездерге қол жеткізеді. Ал енді батырлық шегінен шыққан адам бір мезетте мақтаншақтық, өркөкіректік, ашушаң, тәкаппар мен өзіне-өзі тамсану сияқты қылықтармен достасады. Адамның ерлік қасиеті орта деңгейінен төмен түсетін болса, әлгі қасиеттердің орнына қорлық пен абыройсыздық, қорқақтық, сұмпайылық, ұсақшылдық және ақиқаттан бас тарту сияқты жағымсыз қылықтарға басым бой береді.

3. Жұмсақтық қасиеті адамға сақилықты, ибалылық пен сабырлықты, кешірімшілдік пен қанағатшылдықты жҽне Алладан қорқу мен мүләйімдікті және жәрдем беруге әзір тұру мен жылы лебізді әрі ынсапшылдық мінездерінің жемісін береді.

4. Егер әділдік қасиеті орта деңгейден асып немесе кеміп кететін болса, онда іштарлық, ашкҿздік, епсіздік пен уайымсыздық жҽне ысырапшылдық пен шектен тыс әзілқойлық, жарбақтық пен кҿре алмаушылық, ниеті бұзық және байларға жағымпаздану, кедейлерді кемсіту мінездері бетіне шығады.

Сонымен кемелдіктің тегі төртеу: ақыл, ерлік және жұмсақтық пен әділдік. Қалғандары осы төрт бастаудан тараған тармақтар. Осы төрт негізге Алланың елшісінен басқа пенденің қолы кемел жетпеген. Қалған адамдар осы төртеуіне мінез-құлықтары жағынан бір-бірінен жақын және алшақ болуымен ерекшеленеді.

материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: