12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Тәсбих тартудың шығу тарихы қандай?

Тәсбих тартудың шығу тарихы қандай?

Мақалалар
Жарнама

Қазіргі күнде мәзһабтарға жала жабуға әрі кейбір амалдарды бидғатқа шығаруға әуес болғандар: «Тәсбих тарту бидғат, бұл істі Расулулла істемеген, сахабалар да істемеген» деген сөз таратып, мүмин-мұсылмандардың бастарын қатырып түрлі ихтилафтар шығаруда. Бірақ мужтәһид ғұламаларымыз тәсбих тарту дұрыс екенін әрі одан пайдалану мүмкін екендігін Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) жеткен риуаяттан алған.

«Сунән» атты атақты кітаптардың иелері Имам Әбу Дәуід, Имам Әт-Тирмизи, Имам Ибн Мәжа және Имам Ән-Нәсәи мына риуаятты келтіреді:

Айша бинти Саъд ибн Әбу Уәққастан, ол әкесінен риуаят етіледі:

«Расулулла (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) бір әйелдің алдына кірді. Оның алдында дәнектер немесе ұсақ тастар болып, солармен тәсбих айтып жатқан еді. Сонда ол кісі: «Мен саған одан жеңіл немесе абзал нәрсені айтамын: СубханАллаһи адәдә мә халәқа фис-сәмәи, уа субханАллаһи адәдә мә халәқа фил-арзи, уа субханАллаһи адәдә мә халәқа бәйнә зәлик, уа субханАллаһи адәдә мә һууә Халиқун, уАллаһу акбару мислу зәликә, уәлхәмду лилләһи мислу зәликә. Уа лә иләһә иллАллаһу мислу зәликә. Уа лә хәулә уа лә қууәтә иллә билләһи мислу зәлик», - деді».

Осы хадисте зікірді көп қайталау әрі оны қолдан басқа нәрсемен санауға да болатынына дәлел бар. Дәл осы мағынаны білдіру үшін әйгілі мухаддис Имам Әбу Дәуід өзінің кітабында ұсақ тастармен тәсбих айту бабын ашқан әрі осы біз үйреніп жатқан хадисті келтірген. Міне, осыдан бізде «тәспі» атын алған, арнайы бір сандағы дәнек немесе домалақ нәрселерді жіпке тізіп жасалатын, арабтар «субха» деп атайтын нәрсе пайда болған. Ибн Мҽнзур бұл нәрсені түсіндіру үшін: «Субха – тәсбих айтушы өзі айтатын тәсбихтерді санайтын тастар. Бұл жаңадан шыққан сөз. Кейде оны «мисбәхам» деп те атайды» деген.

Имам Әбу Дәуідтің «Сунҽн» кітабын «Әунул Мәъбуд» атымен шархтаған Шейх Мұхаммед Шәмсулхақ (рахматуллаһи алейһ) қазір біз үйреніп жатқан хадисті келтіргеннен кейін бұл хадис тәсбихты «дәнек» немесе «ұсақ таспен» санау дұрыс екендігіне дәлел, тәсбих жасап алса болады. Өйткені араларында айырмашылық жоқ, Расулулла аталмыш әйелдің амалын қабыл алды, теріске шығармады. «Болып жатқан нәрседен абзал нәрсеге жол көрсету, алдыңғысының дұрыс емес екендігін білдірмейді» деген.

Бұл жайлы бірнеше еңбектер риуаят етілген. «Мұны істеуді бидғат дегендер дұрыс айтпаған» дейді Шейх Мұхаммед Шәмсулхақ.

Ибн Хажар (рахматуллаһи алейһ) болса: «Аталмыш хадистен тәсбих тарту мәндуб екендігі шығады, оны бидғат деп айту дұрыс емес», - деген.

Ибн Аллән болса: «Пайғамбарымыз аталмыш әйелдің дәнек немесе ұсақ таспен санап зікір етіп жатқанын қабыл алуы, бұл істің сүннет екеніне дҽлел. Тәсбих тарту да ұсақ тастың орнындағы нәрсе. Тәсбих тарту жайында мубарак бір бөлім жазып, оны «Иқатул мәсабих ли мәшруъияти иттихазил мәсабих» - «Тәспі ұстаудың шариғи екені жайында жағылған шырақ» деп атадым», - деген. Онда: «Бұл мәселеге қатысты хабарлар, еңбектер жҽне таластарды келтірдім. Зікірді саусақтармен санау абзал ма немесе тәспімен бе, деген сұраққа жауап іздедім. Қолмен санау, әсіресе намаздың зікірлерін қолмен санаған абзал, деген қорытындыға келдім. Алайда санағы көп зікірлерде жаңылысып кетпеу үшін тәспімен санаған абзал» деп айтылған.

Алланы зікір етуге құштар, оны көбірек зікір етіп, санағын асыру мағынасында мүмин-мұсылмандар қазіргі көріністегі тәспілерді жасап алған. Алланы зікір ету, оның санын көбейтуді Алла Тағала баршамызға нәсіп етсін. Түрлі көріністерде соның қатарында осы тәспі туралы да ихтилаф шығарудан Алла сақтасын. Ихтилаф шығарушыларға Алла Тағала тауфиқ беріп, барлық салаларда, әсіресе осы мағынадағы ихтилафтан құтылуда Алла Тағала тура жолға бастасын.

материал «Ихтилафтар. Шешімдер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: