01
Жұма,
Қараша

һижри

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды.

Министрді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфтилер  Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Астана қаласынан Ақтөбе өңіріне «Ақпараттық түсіндірме жұмыстары» тобымен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев қаладағы «Нұрдәулет» мешітінде болып, Мақсат ақсақалмен жүздесті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қорының Астанадағы өкілдігі Қарттар күні мерекесіне орай «Даналық пен мейірімділік тәлімі» акциясын өткізді.

Жат ағыммен күрес – бүгінгі қоғам үшін күн тәртібіндегі мәселелер қатарынан. Елорда әкімдігі осы мақсатта қала аумағында мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру және жастарымыздың өзге жат ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Отбасы – Отанымыздың мызғымас қазығы. Елімізде бүгінде баянды болашақ баспалдағын отбасы бақытынан қалыптастыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жалпы және жастар ісі бөлімінің Астана қаласы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторы «Ана мен бала» ауруханасының онкология бөлімінде болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті қыркүйек айының 24 (сенбі) күні «Отбасы күніне» орай сағат 15:00-де жыл басынан бері отау құрып, «Нұр Астана» орталық мешітінде ақ некелерін қидырған отбасыларға арналған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» атты рухани кездесу ұйымдастыруда.