21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді

Қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді

Дәстүр даналығы
Жарнама

Бас асудың, табақ тартудың да өзіндік заңдылығы бар. Баспен қосып, кәделі жілікпен қоса қазанға мойын, жақ, жұмыр салынады. Алайда жақ пен мойын баспен бірге асылғанымен, сый табаққа қосылмай, қазан ұстаған әйелдердің табағында қалады. Қазақтың «бас пен жақты айырма», «бас пен мойынды бөлме» деген сөзі осыған қаратылған.

Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын басиең аман.

Екінші қателігің – басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді.

Үшінші қателігің – қойдың тісін қақпай әкелгенің. Бұл – ең алдымен, тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын қайдан білесің?! Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой. Содан кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған, көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын да айтайын. Қазақтар – талай нәрсені ым, тұспал, ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы қағылмаған тіске байланысты.

Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз көбейер» деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды. Сонда бас ұстаған адам: «Ә-ә, мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып жүріпті-ау», - деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін шешіп, түсінісуге бет түзейді. Ал төртінші қателігің – басты қасқаламай әкелгенің. Талайлар мұның мәнін ұқпайды. Ол – «төрт құбылаң тең болсын, маңдайың ашық болсын» деген ізгі тілек…

материал «Бабалар аманаты» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: