31
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Таң намазын құптан намазының дәретімен оқығандар

Таң намазын құптан намазының дәретімен оқығандар

Намаз

Балам! Өзіңе мұқият зер сал! Бос өтіп жатқан уақытыңа бейжай қарама! Уақытыңда кеңшілік болса, оны кемелдікке жеткендерге жету үшін ыждағаттан! Бос уақыттың ғанибетін біл! Жалқаулықтың кесірінен ысырап еткен алтын уақытты, үлкен мүмкіншіліктер мен жоғалтқан сәттерді еске түсір! Бұл саған ең қымбат сабақ болсын!

Алдыңғы өткен даналар – ең ізгі амалдарды істеуді жақсы көрсе, солардың біреуі қалып кетсе, оған өкінгеннен жылайтын болған. Ибраһим ибн Әдһам былай дейтін: "Бір күні ауырып қалған бауырымыздың халін білуге бардық. Келсек, екі аяғына қарап, теңселіп жылап отыр екен. "Не үшін жылап жатырсыз?" деп сұрағанымызда: «Мына екі аяқты Алла жолында толық шаңға батпағаны үшін өкініп жылап жатырмын!" деп жауап берсе, басқа бір тақуаның жылағанын көрген біреу: "Не үшін жылап жатырсыз?" деп сұрағанында: "Ауыз бекітпей кеткен күнге, таһаджудке тұрмаған түнге өкініп жылап жатырмын!" деп жауап берген екен.

Балам, біліп жүргін! Күндер сағаттарға, ал сағаттар тынысқа ұласады! Әр дем – бір қазына. Сондықтан әр деміңнің айдасыз кетуінен сақ бол! Қиямет қайымда бос қазынаңды көріп, өкініп қалма! Бір адам Амир ибн Абд Қайс деген кісіге: "Тұра тұр! Саған айтар сөзім бар:"Әрдайым уақытыңды үнемде!" деп насихаттанған екен. Бір топ адам Мағруф әл-Кархи деген тақуа адамның қасына келіп, әңгіме құрып отырмақшы болғанында, ол: "Сендердің кететін уақыттарың жақындамады ма? Расында күн бір сәтке де тоқтамай, өз жолымен жүруде." деп айтқан екен. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: "Кімде-кім: Субханаллахи әл-азым уа бихамдиһи (Мағынасы – Ұлы Пәк Аллаға мадақ) деп айтатын болса, оған жәннатта бір пальма ағашы отырғызылады." деген. Уақытын жоғалтып, пальмалардан құр қалған адамдар қаншама?! Алдыңғы өткен даналар әр сәттің қадірін білетін.

Кәһмәс ибн Әл-Хасан Әл-Ханафи – бір күн, бір түнде Құранды 3 мәрте хатым қылатын еді. Сондай-ақ өткен замандағы даналар – таң намазын құптан намазының дәретімен оқитын. Ислам тарихындағы мұсылман әйелдердің ішінен аты танымал, сопылық жолын ұстанған Рабиға әл-Адауияһ ханым, түндерін әрдайым ғибадат құлшылықпен өткізетін. Таң атарда сәл ғана қалғып, қатты үрейден оянып кетіп: "Қабірдегі ұйқы ұзақ!" деп ғибадат-құлшылығын жалғастыратын.

материал «Балама насихат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: