29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ақыретте Алланың сұлулығын көру – осы дүниедегі танымға байланысты

Ақыретте Алланың сұлулығын көру – осы дүниедегі танымға байланысты

Иман келтіру

Танылатын нәрселер үш топқа бөлінеді: біріншісі, ой арқылы танылатын бейнелер; екіншісі, хайуан мен өсімдіктерге тән пішін (форма) мен түске ие денелер – бұлар қиял шеңберінде қамтылады; үшіншісі, Алла Тағаланың Заты, Оның білімі, құдіреті мен қалауы сияқты дене пішімі жоқ Алланың көптеген есім-сипаттары. Бұл қасиеттер адам қиялының шеңберінен тыс.

Адам басқа бір адамды көріп, кейін көзін жұмар болса, ол оны көз алдында тұрғандай етіп елестетеді. Бірақ, көзін ашып қараған уақытта қиялындағы бейне мен көз алдындағы адам бейнелерінің арасындағы айырмашылықтың бар екенін түсінеді. Бұл айырмашылық екі бейненің арасындағы қарама-қарсылықтан емес, бәлкім анықтық пен тұнықтықтың ерекшелігінен туындап отыр. Себебі көзді ашқан кезде қиялдағы бейненің анықтығы мен тұнықтығы арта түседі. Бұл жағдайды бір адамды күн батар кездегі апақ-сапақ кезде көрген мен күндіз көрген кездегі айырмашылыққа ұқсатуға болады. Анық, ашық көру дегеніміз – көру қабілетінің жоғарғы шегі. Бұл адамның ой мен қиялының шеңберіне сиятын нәрселерге қатысты шындық. Ал енді пішіні жоқ мәліметтерді ойлау мен тану мәселесіне келсек, мұның екі мәртебесі бар. Бұл екеуі бірін-бірі толықтыра түседі. Екі мәртебенің арасындағы анықтық пен ашықтықтың айырмасын көзбен көру және қиялмен елестету айырмашылығымен салыстыруға болады. Бұлардың (көру және қиял) деп аталуы дұрыс, себебі көру – анықтықтың жоғарғы шегі болғандықтан көру деп аталады. Кірпік қағылып, көз жұмылған шақта көрініп тұрған нәрсемен көздің ортасына перде түседі. Образды анық көру үшін ортадағы пердені көтеру қажет. Арадағы перде көтерілмейінше қиялдағы нәрсе бар болғаны елес болып қала бермек. Бұл Алланың заңы. Дәл сол сияқты нәпсі дененің шаһуат қалауларымен және құмарлық пен әуестік сияқты бөгет перделерімен бүркеніп тұрған шағында қиялдың сыртындағы мәліметтерді шынайы көре алмайды. Дегенмен қас пен қабақ көздің пердесі болғаны сияқты, бұл дүние де нҽпсінің қажетті пердесі. Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Олардың көңілдеріндегі кірбіңнің бәрін шығарамыз. Төменде салқын бұлақтар ағып жатады. «Барлық мадақ – бізді тура жолға салған Аллаға жарасады. Егер бізді Ол жетелемегенде, дұрыс жол таба алмас едік. Тәңіріміздің елшілері бізге ақиқат алып келді», – дейді» (Ағраф: 43), және «Алла көзге көрінбейді, бірақ ол көздерді (басқаларды) көріп тұрады. Ол мейірімді және барлығын біледі», – деп хабар берген (Анғам: 103).

Алланың елшісі де (с.ғ.с.) миғраж кешесінде Алланы кәдуілгі көзбен көрмеген. Бұл дұрыс пікір. Егер өлімнің келуімен нәпсідегі перде көтеріліп, күнәдан мүлдем тазаруды қабылдамай дүниеде кірленген хәлінде қалар болса, онда ол сол бейнесінде мәңгі қалып, Тәңірінің алдына барады. Мұндай жағдайдан Алланың Өзі сақтасын. Енді нәпсі бірқатар күнә жасап, бірақ күнәсі мүлдем қатайып кетпей әлі де тазаруы ықтимал болса, онда ол отқа салынып, күнәларынан тазартылады. Ол күнәдан толық тазарғанша оттың құшағында болады. Барлық нәпсі бұл өмірден о дүниеге сапар шеккен кезінде үстіне қонған шаң-тозаңды өзімен бірге алып бармақ. Сондықтан Алла Тағала Құранда: «Ондайлардан (тозақ басына) бармай қалатын ешкім болмайды.

Мұның өзі Тәңірдің өзгермес үкімі. Сонан соң, тақуаларды (тозақтан) құтқарамыз да азғындарды жаһаннам жиегіне тізіп қоямыз», – деп хабар берген (Мариям: 71-72).

Кез келген нәпсі тозақ отына түсетініне иман келтіреді, бірақ оттан қайтып шығу барлығына бірдей нәсіп болмас. Тіпті, Алла Тағала толық тазаруын нәсіп қылған жан, уәделенген есеп-қисаптардың барлығынан аман-есен шықса да оның жәннатқа қашан кіретіні бір Аллаға ғана мәлім. Бұл мезгіл туралы Алла Тағала ешбір пендесіне хабар бермеген. Демек, адам баласы ақыретте үсті-басын шаң басып, жүзі қарайып тұрмасы үшін жүрегін күнә істе рден тазартып, жаман қылықтардан алшақ жүруге осы дүниеде көп күш салуы қажет. Өйткені жүрек – Алла Тағаланың ұлықтығын ғанибеттейтін орын. Бұл ғанибет көру деп аталады. Алайда мұндағы көру мекен мен тарап (жақ) жҽне қиялдағы елесті толтыратын мағынада емес. Себебі Алла пұндай сипаттардан пәк, мұңсыз. Сен Алланы бұл дүниеде бір елес пен қиялсыз және бейне мен пішінсіз шынайы біліммен тани алғаның сияқты, Оны ақыретте де солай көресің. Дүниеде қол жеткізілген таным (білім) сол қалпында жетіліп, ашық пен анықтық кемелдігіне көтерілу арқылы көру қасиетіне айналады. Ақыретте көрінетін ақиқат пен бұл дүниедегі таным арасындағы айырмашылық, тек ашықтық пен анықтықтың артықшылығында.

Сонымен Алла Тағаланы тануда ешбір бейне мен тарап (жақ) негізге алынбайды. Сол сияқты ақыретте Алланы тану білімінің ашықтығы мен анықтықтығы артықша қосылғанымен белгілі бейне мен тарап болмайды. Жоғарыда айтқанымыздай көз бен көрген сурет пен елестегі бейне бір-біріне ұқсайды, олардың арасындағы айырмашылық тек ашықтық пен анықтықтың артуында ғана. Алла Тағаланың мына аяты осыған сілтейді: «Пайғамбарын да, оған ілескен мүминдерін де Алла (қияметте) қор қылмайды. Алдында, оң жақтарында нұр толқындап тұрады. «Ей, Раббым! Біздің нұрымызды кемелдендіре түс, кеңшілік жаса, Сенің құдіретін бәріне жетеді», – дейді олар» (Таһрим: 8).

Нұрдың кемелдігі анықтықтың артуына ықпал етеді. Сондықтан да көру мәртебесіне дүниеде таным қасиетіне ие пенделер ғана бөленеді. Тұқымның өсімдікке, көшеттің ағашқа айналғаны сияқты ақыретте таным сипаты көру қасиетіне ауысады. Жеріне көшет қадамаған адам құрманы қалай жинасын? Тұқым салмаған адам егінді қайтып жинасын? Дәл сол сияқты бұл дүниеде Алланы танымай өткен адам, Оны ақыретте қайтып көрсін?!

материал «Жан тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: