20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер, өте­ле­тін жа­за­лар

Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­дат­та­рын­да уә­жіп бол­ған амал­дар­дың біреуі­нің орын­дал­май қалуы, тіп­ті бел­гі­лен­ген уақы­ты­нан ке­шік­ті­рі­луі не­ме­се их­рам­ға кір­ген соң іс­те­лі­нуі ха­рам бол­ған тыйым­дар­дың жа­са­луына «жи­наят» де­лі­не­ді. Бұл жи­наят­тар біл­мей, қа­те­лік­пен, тіп­ті ұйық­та­ған күйде іс­тел­се де, бә­рі­бір жа­за өте­ле­ді. Әри­не, бі­ле тұ­ра іс­те­ген­дер ма­те­риал­дық өте­ле­тін жа­за­ға қо­са Алла Та­ға­ла­ға тәубе етіп, ке­ші­рім сұ­раула­ры ке­рек.

Қажылықтың уәжіптері

Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен шарт­та­ры­нан бас­қа уә­жіп мін­дет­тер бар.

Ислам шариғатында басқа адамға тапсыру арқылы жасалатын құлшылықтарды өкіл(нияба) арқылы атқарылатын ғибадат деп атайды. Өкіл арқылы атқарылатын құлшылықтың түрлеріне мыналар жатады:

Мына кісілерге қажылық өтеу парыз

Қажылық ғибадатының парыз болуының өзіндік шарттары бар. Яғни, шариғатымыз бойынша мынадай кісілерге ғана қажылық өтеу парыз болып саналады:

Сағи (араб тілінде) – шапшаң жүру, жүгіру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет қайтып келу.

Ислам – жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады.

Шайтанға тас лақтыру: Қажылардың құрбан айт күндерінде Минада бір-біріне жақын арақашықта орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай- кішкентай тас лақтырулары – қажылықтың уәжіптерінің біреуі.