19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Біреудің орнына Қажылық жасау

Қажылық

Ислам шариғатында басқа адамға тапсыру арқылы жасалатын құлшылықтарды өкіл(нияба) арқылы атқарылатын ғибадат деп атайды. Өкіл арқылы атқарылатын құлшылықтың түрлеріне мыналар жатады:

1)Мал – мүлікті төлеу арқылы атқарылатын құлшылық. Бұларға зекет, садақа, кәффәрат және құрбан шалу секілді құлшылықтар. Зәру жағдайлар туындасын немесе туындамасын басқа кісіге өкілеттік беріп орындатуға болады.

2)Дүние және дене арқылы атқарылатын құлшылық. Бұларға қажылық амалы жатады. Дүние мүлкі жетіп, қажылық жасау амалы парыз болған жағдайда орнына қажылық жасауын өсиет етіп қайтыс болса, сонымен қатар, әлсіздік, созылмалы ауырумен ауырса орнына басқа кісінің қажылық жасауы рұқсат[1].

Қажылық ғибадатының өкіл арқылы орындау дұрыс болатын негіздері.

А) Ауыруы өлім келгенге дейін жалғасатын болса онда орнына өкілді жіберуге болады. Ибн Аббас: «Қоштасу қажылығы жылы Хассам руынан болған әйел Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың елшісі , қажылықтың парыз етілуі әкемнің қатты қартайған шағына келіп отыр. Ол түйенің үстінде өзін мүлдем ұстап отыра алмайды. Егер оның орнына қажылықты мен атқарсам, ол үшін өтелген бола ма?»,- деді. Алла елшісі «Иә!», -деді.»[2], - деген.

Б) Қажылық парыз бола тұра өтелмей қайтыс болуы. Ибн Аббас: «Жуһайна руынан болған бір әйел Пайғамбарымызға келіп: «Менің анам қажылық жасауға серт берген еді. Бірақ оны орындай алмастан дүниеден өтіп кетті. Оның орнына қажылық жасауым керек пе?»,-деп сұрады. Ол : «Әрине оның орнына қажылық жаса! Қалай ойлайсың, егер анаң біреуге қарыз болса, қарызын өтер ма едің?! Алланың қарызын өтеңдер! Аллаға берген уәде-өтелетін уәденің ең лайықтысы»,-деді», - деген.

Өкіл етілген қажылық дұрыс болу үшін төмендегі шарттар қажет:

1.Негіздердің расталуы. Қажылық парыз болған кісінің дәрменсіз болуы, немес өлер алдын біреуге өсиет етіп кетуі. Әлсіздік жағдайдың науқастық пен абақты сияқты себеппен өлгенге дейін жалғасуы[3]. Осы себептер өлмей тұрып жақсарып кетсе қайта қажылық жасауы шарт.

2.   Жіберуші адам бай болса да, қажылықты өзі орындауға шамасы келмеуі(1.-шарт).

3.   Өкілдің ақыл есі дұрыс, балиғат жастағы мұсылман болуы.

4.  Өкіл етушінің рұқсаты. Өйткені басқаның орнына қажылық жасау жарамайды. Ал, мұрагер бұл үкімге жатпайды.

5.   Қажылыққа қажетті қаражатты түгелдей немесе көп бөлігін өкіл етушінің беруі.

6.Өкілдің қажылыққа өкіл етушінің елінен шығуы. Бұл қажылық сапарын мұраның үштен бірі көтерсе ғана шарт. Егер мұраның үштен бірі елінен шығуға жетпесе қаражат көтерген елден шығады.

7.Өкілдің өзі атқаруы. Өкіл етуші осындай шарт қойса онда тек өзі атқаруы тиіс. Пәленше маған тапсырып еді орныма сені өкіл етемін деуі дұрыс емес

8.Өкіл етушінің атынан ниет етіп ихрамға кіруі. «Пәленшенің атынан ләббайка» деп айтуы абзал.

9.Қажылықты дұрыс атқаруы. Бұзып алса қаражатты қайтарып беуі шарт.

10.Өкіл етушінің атаған қажылық түрін жасауы.

11.Өкілдің қажылық атқару үшін жалақы алмауы. Өкіл етушінің жалақы деп атамай, өз еркімен өкілдің отбасына деп берген қаражатын алуына болады. Себебі ол өз уақытын, кәсібін, отбасын тастап басқанын орнына кетті.

12.  Өкілдің бұрын қажылық атқарған, үкімдерін толық білетін, тәжірибесі бар мұсылман болуы абзал.

13.   Өкіл тек жіберушінің атынан бір қажылық үшін ғана ихрамға кіруі.

Жоғарыдағы айтылған шарттар тек парыз қажылыққа қатысты болған үкімдер.

 



[1] «Ислам ғибадаты», Е.Ақатаев,2/ 316

[1] «Сахих әл Бухари», 3/18

[1]«Ислам ғылымхалы», Хайреттин Өзтүрік,936

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: