29
Жұма,
Наурыз

һижри

Умра ғибадатының үкімі қандай?

Умра ғибадатының үкімі қандай?

Қажылық

Умра (араб тілінде) – зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – белгілі бір уақыттан тыс жылдың кез-келген уақытында ихрамға кіріп, тауап және сағи жасағаннан кейін шашты алғызып немесе қысқартып, ихрамнан шығу жолдарымен атқарылатын ғибадат.

Умра ғибадатының үкімі

Ханафи, Малики мәзһабында мүмкіндігі болған әр мұсылманға умра жасау – бекітілген сүннет. Ал Шафиғи және Ханбали мәзһабтарында, шамасы жеткен әрбір мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау – парыз.

Умраның парыздары

1. Ихрамға кіру

2. Қағбаны тауап жасау

Умраның орындалатын уақыты

Жоғарыда білдіргеніміздей, умра ғибадатын кезкелген уақытта орындауға болады, бірақ құрбан айт күндері орындау – тахриман мәкрүһ. Умраның Рамазан айында жасалуы абзал және сауабы мол.

Умра ғибадаты қалай орындалады?

Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта ихрамға кіру үшін дайындалып, екі рәкат ихрам намазын оқығаннан кейін «Аллам, мен сенің ризалығың үшін умра жасауды ниет еттім, умраны маған жеңілдет және менен қабыл ал», – деп ниет етіп, артынан тәлбия дұғасын айтып, ихрамға кіреді. Басқа уақыттардағы халал кейбір нәрселер ихрамды болған уақытта харам болады.

Мәсжидул-Харамға келген уақытта «Аллам, мен сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, тауапты маған жеңілдет және менен қабыл ал», – деп ниет етіліп, умраның тауабы жасалады. Тауап біткеннен кейін мүмкін болса, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқиды. Сосын «Аллам, мен сенің ризалығың үшін умра сағиін жасауды ниет еттім, сағиді маған жеңілдет және менен қабыл ал», – деп ниет етіп, Сафа және

Мәруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту болып, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті атқарылады. Сағиді орындағаннан кейін шаштарын алғызып, немесе қысқартып, ихрамнан шығады. Осылайша умра ғибадаты аяқталады.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: