27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер, өте­ле­тін жа­за­лар

Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер, өте­ле­тін жа­за­лар

Қажылық

Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­дат­та­рын­да уә­жіп бол­ған амал­дар­дың біреуі­нің орын­дал­май қалуы, тіп­ті бел­гі­лен­ген уақы­ты­нан ке­шік­ті­рі­луі не­ме­се их­рам­ға кір­ген соң іс­те­лі­нуі ха­рам бол­ған тыйым­дар­дың жа­са­луына «жи­наят» де­лі­не­ді. Бұл жи­наят­тар біл­мей, қа­те­лік­пен, тіп­ті ұйық­та­ған күйде іс­тел­се де, бә­рі­бір жа­за өте­ле­ді. Әри­не, бі­ле тұ­ра іс­те­ген­дер ма­те­риал­дық өте­ле­тін жа­за­ға қо­са Алла Та­ға­ла­ға тәубе етіп, ке­ші­рім сұ­раула­ры ке­рек.

Қа­жы­лық пен ум­ра­ның қайта­дан жа­са­луын (қа­за еті­луін) та­лап ете­тін кемші­лік­тер:
а) Қа­жы­лық жа­сау үшін их­рам­ға кір­ген­нен кейін Ара­фат­та тұр­мас­тан бұ­рын әйелі­мен жы­ныс­тық қа­ты­нас жа­са­ған адам­ның қа­жы­лық ғи­ба­да­ты то­лық бұзылады. Бұн­дай жағ­дай­лар­да­ғы адам­дар ниет ет­кен қа­жы­лық­та­ры нә­піл қажы­лық бол­са да, ке­ле­сі жыл­да­ры қа­за ре­тін­де орын­даула­ры тиіс. Бұ­ны­мен қо­са қа­жы­лық­та бүл­дір­ген кем­ші­лік­те­рі үшін жа­за ре­тін­де қой не­ме­се еш­кі құр­бан ша­луы ке­рек. Алла Та­ға­ла Құ­ран­да: «Хаж бел­гі­лі (шәууал, зил­қа'да, зулхиджаның ал­ғаш­қы он кү­ні) ай­лар­да. Кім­де-кім бұл ай­лар­да қа­жы­лық­ты мін­дет­тен­се, (мы­на­лар­ды біл­сін!) әйелі­мен жа­қын­да­су­ға, кү­нә іс­теуге жә­не жанжалдасуға бол­майды», – деп қа­жы­лық­та жы­ныс­тық қа­ты­нас­ты тый­ған.

б) Ум­ра үшін их­рам­ға кір­ге­нен кейін тауап­тың ал­ғаш­қы төрт айна­лы­мын аяқта­мас­тан жы­ныс­тық қа­ты­нас­қа түс­кен адам­ның ум­ра ғи­ба­да­ты бұ­зы­ла­ды. Бұзыл­ған ум­ра­ның қайта­дан дұ­рыс орын­да­луы жә­не бүл­ді­ріл­ген кем­ші­лік үшін қой не еш­кі­ні құр­бан ре­тін­де ша­луы тиіс. Ал­ғаш­қы төрт айна­лым­ды тәмамда­ған­нан кейін жы­ныс­тық қа­ты­нас­та бол­ған адам­ның ум­ра­сы бұзылмайды, бі­рақ бүл­ді­ріл­ген кем­ші­лік үшін қой не­ме­се еш­кі­ні құр­бан ретін­де ша­луы керек.

Түйе не­ме­се сиыр­дың жа­за ре­тін­де ша­лы­нуын та­лап ете­тін кем­ші­лік­тер:
а) Ара­фат­та тұр­ған­нан кейін ша­шын ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып их­рам­нан шық­пас бұ­рын жы­ныс­тық қа­ты­нас­та бо­лу.

б) Зия­рат тауа­бын ер кі­сі­лер жү­ніп күйін­де, әйел­дер хайыз не­ме­се ни­фас күйін­де жасау. Атал­мыш күйде жа­сал­ған тауап­тың қайта­дан жа­са­луы уә­жіп. Қайта­дан жа­сал­ған жағ­дайда өте­ле­тін жа­за ке­ші­рі­ле­ді. Жа­за – сиыр не­ме­се түйе.

3. Қой не­ме­се еш­кі­нің жа­за ре­тін­де ша­лы­нуын та­лап ете­тін кем­ші­лік­тер екі­ге бө­лі­не­ді:

Қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рін орын­да­мау яки бел­гі­лен­ген уақы­тын­да орындамауға байла­ныс­ты кем­ші­лік­тер:

а) Ми­қат­тан их­рам­сыз өту. Бұн­дай жағ­дайда қа­жы­лық не­ме­се ум­ра­ға байланыс­ты мін­дет­тер­дің еш­қайсы­сын орын­да­май жа­тып, ми­қат­қа қай­тып ке­ліп ихрамға кір­се, өте­ле­тін жа­за ке­ші­ле­ді.

ә) Са­ғи­дің бар­лық айна­лым­да­рын не­ме­се төрт яки төрттен кө­бін орын­да­май қал­дыр­ған жағ­дайда.

б) Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сын үзір­сіз (се­беп­сіз) орын­дамау

в) Ара­фа кү­ні ара­фат­тан күн бат­пай қайту

г) Зия­рат тауа­бын құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні күн бат­қан­ға дейін орын­да­май, кейін орын­дау (Әбу Ха­ни­фа бойын­ша).

д) Ха­рам аума­ғы­ның сыр­тын­да шаш ал­ғы­зу не­ме­се қыс­қар­ту (Әбу Ха­ни­фа бойын­ша)

ж) Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­ды мүл­дем орын­да­мау не­ме­се бір күн­де лақ­ты­ры­ла­тын тас­тар­дың жар­ты­сы­нан кө­бін (11тас) шай­тан­ға тас лақ­ты­ру күн­де­рін­де лақ­тыр­мау. Жар­ты­сы­нан кө­бі лақ­ты­рыл­са, лақ­ты­рыл­май қал­ған әр­бір тас үшін са­да­қа ға­на бе­рі­ле­ді.

з) Зия­рат не­ме­се ум­ра тауабы­ның соң­ғы үш айна­лы­мын не­ме­се біреуін орын­дамау.

и) Зия­рат жә­не ум­ра тауа­бын дә­рет­сіз, қа­дум жә­не уа­дағ тауап­та­рын жү­ніп күйін­де жасау.

к) Ми­қат жер­ле­рі­нің сыр­ты­нан кел­ген­дер қош­та­су (уа­дағ) тауа­бын тү­гел­дей не­ме­се төрт не­ме­се одан да көп айна­лы­мын орын­дамау.

л) Құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні Үл­кен шай­тан тас­қа (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) тас лақ­ты­ру, құр­бан ша­лу, шаш ал­ғы­зу не­ме­се қыс­қар­ту амал­да­рын рет-ре­ті­мен орын­дамау, Имам Әбу Ха­ни­фа­да кем­ші­лік (жи­наят) са­на­ла­ды.

м) Зия­рат жә­не ум­ра, уа­дағ тауап­та­рын­да әу­рет мү­ше­ле­рі­нің ашық болуы.

Их­рам тыйым­да­рын іс­теуге байла­ныс­ты кем­ші­лік­тер:

а) Шаш, са­қал не­ме­се де­не­нің бас­қа жер­ле­рін­де­гі түк­тер­дің төрт­те бі­рін неме­се одан ­да кө­бін қыс­қар­ту не­ме­се алу. Төрт­те бі­рі­нен аз бол­са, он­да тек садақа ғана беріледі;

ә) Бір уа­қыт­та жә­не бір жер­де де­не­ге не­ме­се бір мү­ше­ге тү­гел­дей әтір се­бу не­ме­се май жа­ғу. Ем үшін иіс­сіз май жа­ғыл­са, жа­за өтел­мейді. Их­рам­ға себілген әтір­дің ор­ны­ның ені жә­не ұзын­ды­ғы бір қа­рыс­тан көп, иісі күн­діз-тү­ні кет­пе­се бір қой не­ме­се еш­кі жа­за ре­тін­де ша­лы­на­ды, ал бір қа­рыс­тан аз болып иісі күн­діз-тү­ні жал­ғас­па­са, жа­за ре­тін­де са­да­қа бе­рі­ле­ді.

б) Бір уа­қыт­та жә­не бір жер­де мү­ше­лер­дің біреуін қы­на­мен (лак, да­лап­пен) бояу.

в) Их­рам­ды күйде әйе­лін құ­мар­лық се­зім­мен сүю, айма­лау сияқ­ты жы­ныс­тық қа­ты­нас­қа тар­та­тын іс-әре­кет­тер­ді іс­теу.

г) Ер кі­сі­нің то­лық бір күн­діз не­ме­се то­лық бір түн ті­гіл­ген киім (әдет­те­гі киім, шұ­лық, іш киім, то­бық жа­ғы жа­бық аяқ киім, т.б.) киюі, ба­сын жә­не жүзін жабуы. Әйел­дер тек қа­на бет­те­рін жап­пайды. Бір түн не­ме­се бір күн­діз­ден аз уа­қыт ки­се, са­да­қа ға­на бе­рі­ле­ді.

д) Бір жер­де, бір уа­қыт­та бар­лық тыр­нақ­тар­ды не­ме­се бір қол­дың не­ме­се бір аяқ­тың тыр­нақ­та­рын алу. Егер тыр­нақ­тар бір жер­де емес бө­лек-бө­лек жерлер­де жә­не бө­лек-бө­лек уа­қыт­тар­да алын­са, әр­бір тыр­нақ­қа же­ке-же­ке жа­за өте­ле­ді. Бір қол не­ме­се бір аяқ­тың тыр­нақ­та­ры­ның бә­рі емес, кейбіреулері алын­са, әр­бір тыр­нақ үшін са­да­қа бе­рі­ле­ді. Құр­бан шалынбайды.

Өз­ді­гі­нен түс­кен не­ме­се сын­ған тыр­нақ­ты алып тас­та­ған жағ­дайда жа­за өтел­мейді.

Их­рам­ға байла­ныс­ты тыйым­дар үзір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты іс­тел­се де, жа­за өте­ле­ді. Ауы­рып қа­лу, жол апа­ты­на ұшы­рау сияқ­ты адам­ның ер­кі­нен тыс бола­тын оқи­ға­лар­дың сал­да­ры­нан мы­сал­ға, ша­шы алын­са не­ме­се киім кидіріл­се, тө­мен­де­гі үш жол­дың қа­ла­ған біреуін орын­дау ар­қы­лы жа­за­сын өтейді.

1) Қа­ла­ған уақы­тын­да жә­не же­рін­де үш күн ора­за ұс­тау.

2) Не­ме­се ал­ты ке­дейге пі­тір са­да­қа­сы­ның кө­ле­мін­де са­да­қа бе­ре­ді.

3) Ха­рам аума­ғын­да қа­ла­ған уақы­тын­да бір қойды не еш­кі­ні құр­бан­ға шалады.

Пі­тір са­да­қа­сы мөл­ше­рін­де са­да­қа бе­ру­ді та­лап ете­тін кем­ші­лік­тер:

а) Шаш, са­қал­дың төрт­те бі­рі­нен аз мөл­ше­рін алу не­ме­се қыс­қар­ту

ә) Бір мү­ше­нің бә­рі­не емес, бір бө­лі­гі­не ға­на әтір се­бу

б) Бір аяқ­тың не­ме­се қол­дың тыр­нақ­та­ры­ның кейбі­реуле­рін алу,

в) Ті­гіл­ген киім­ді бір түн­нен не­ме­се бір күн­діз­ден аз уа­қыт ки­се,

г) Шай­тан тас­қа бел­гі­лен­ген са­ны­нан аз тас лақ­ты­ру. Әр­бір лақ­ты­рыл­ма­ған тас үшін пі­тір са­да­қа­сы мөл­ше­рін­де са­да­қа бе­рі­ле­ді,

д) Бас­қа бі­реу­дің ша­шын, са­қа­лын не­ме­се мұр­тын алу не­ме­се қыс­қар­ту,

ж) Қа­дум жә­не уа­дағ тауап­та­рын дә­рет­сіз жасау,

з) Уа­дағ тауабы жә­не са­ғи­дің төр­тін­ші айна­лым­нан кейін­гі айна­лым­да­рын жа­са­мау. Жа­сал­май қал­ған әр­бір айна­лым үшін пі­тір са­да­қа­сы мөл­ше­рін­де са­да­қа бе­рі­ле­ді.

Пі­тір са­да­қа­сы­ның мөл­ше­рі­нен аз мөл­шер­де са­да­қа бе­ру­ді та­лап ете­тін кем­ші­лік­тер:

а) Үш­тен кем бит, бүр­ге, ше­гірт­ке сияқ­ты жән­дік­тер­ді өл­ті­ру не­ме­се бас­қа бі­реуге өл­ті­руі үшін көр­се­ту

ә) Де­не­ден түк жұ­лу

б) Их­рам­сыз адам­ның мұр­тын не­ме­се тыр­на­ғын алу

в) Нә­піл тауап­тар­да әу­рет жер­лер­дің ашылуы

6. Құ­ны­ның өте­луін та­лап ете­тін кем­ші­лік­тер

Их­рам­ды күйде әдейі бол­сын, кез­дей­соқ бол­сын жер­де өмір сү­ре­тін аң­дар­ды аулау, жүн­де­рін жұ­лу, жұ­мырт­қа­ла­рын сын­ды­ру, аң­шы­лар­ға иша­рат жолымен бол­са да, жәр­дем­де­су­дің жа­за­сы сол зиян шек­кен аң­ның екі әділ, тә­жі­ри­бе­лі кі­сі­нің ба­ға­лауы ар­қы­лы құ­нын ке­дей­лер­ге өтеу.

Ха­рам аума­ғы­ның тыйым­да­ры­на байла­ныс­ты кем­ші­лік­тер:

Ха­рам аума­ғы­ның өз­ді­гі­мен өс­кен ағаш жә­не жал­пы өсім­дік­те­рін жұ­лу, ша­бу не­ме­се бұл ау­мақ­та аң аулау – их­рам­ды­ға да, их­рам­сыз­ға да ха­рам. Бұл аумақ­та­ғы ағаш жә­не өсім­дік­тер­ді жұл­ған адам олар­дың құ­нын ке­дей­лер­ге са­да­қа ре­тін­де бе­ре­ді.

Жа­за­лар қай жер­де жә­не қа­шан өте­ле­ді?

Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­тел­ген кем­ші­лік­тер­дің жа­за­сын өтеу үшін бел­гі­лі бір уа­қыт бел­гі­лен­бе­ген. Бі­рақ қа­жы­лық­та­ғы не­ме­се ум­ра­да­ғы қа­те­лер­дің орнын тол­ты­ру үшін ер­те­рек өте­ген дұ­рыс әрі аб­зал. Мойны­на қа­рыз бол­ған жа­за­лар­ды өте­мес­тен бұл дү­ние­мен қош айты­сып кет­се, кү­нә­кар бо­ла­ты­нын да ес­кер­те ке­тейік. Өмі­рі­нің со­ңы­на дейін өте­ме­се, кө­зі ті­рі­сін­де ар­тын­да қал­ған туыс­қан­да­ры­на өтеуле­рін өсиет етуі тиіс.

Іс­тел­ген жи­наят­тар­дың жа­за­сы ре­тін­де ша­лы­на­тын мал­дар мін­дет­ті түр­де Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­нуы тиіс. Ет­те­рін ха­рам аума­ғы­ның ке­дейле­рі­не таратуға бо­ла­ты­ны сияқ­ты, бас­қа жер­лер­де­гі ке­дей­лер­ге де жі­бе­ру­ге бо­ла­ды.

Са­да­қа, құ­нын тө­леу жә­не ора­за ұс­тау сияқ­ты жа­за­лар үшін бел­гі­лі бір ме­кен та­ғайын­дал­ма­ған­дық­тан, бұл жа­за­лар­ды қа­ла­ған жер­де өтейді.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

 

Бөлісу: