«Амал дәптерін (қиямет күні) оң жағынан алған адам (қатты қуанып): «Мінеки, менің (ізгі амалдарға толы) кітабымды алып оқып көріңдерші», – деп айтады».(«Хаққа» сүресі, 19-аят).
«Оң жақтағылар, олардың кімдер екенін білесіңдер ме? (Олар – амал дәптерін оң жағынан алатындар, бұл қандай бақыт!) Сол жақтағылар, олардың кімдер екенін білесіңдер ме? (Олар – амал дәптерін сол жағынан алатындар, бұл неткен бейбақтық!)» («Уақиға» сүресі, 8-9-аяттар).
Айша анамыз (р.а.): «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)дәрет алғанда, шаш тарағанда, аяқ киім кигенде, жалпы барлық (жақсы) істерінде оң жақтан бастағанды ұнататын еді», – деген (Бұхари, либәс 38; Муслим, таһарат 66).
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қайсыбірің болмасын аяқ-киімін киерде алдымен оң аяғынан бастап кисін. Ал шешкенде, сол аяқтан бастасын. Осылайша, оң аяқтағы аяқ-киімнің сыңары алдымен киіліп, соңынан шешілетін болсын», – деп бұйырды», – деген.(Бұхари, либәс 39; Муслим, либәс 67).
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz