06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Мешітке жаяу барудың сауабы

Мешітке жаяу барудың сауабы

Ислам тарихы

Зайд ибн Сәбит (радиаллаһу әнһ) әңгімелейді:

Бірде Алла Елшісімен (с.ғ.с) бірге мешітке бара жатқанымда, оның адымдарын барынша қысқа аттап келе жатқанын байқадым. Маған: «Неге бұлай жүретінімді білесің бе?» - деп сұрады. Мен: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі» деп жауап бердім.

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Мұсылман қашан намаз оқуды қаласа, сол сәттен бастап намазда тұрған болып есептеледі. Сондықтан, мейлінше көбірек қадам басуға тырысыа қысқа аттап келе жатырмын» - деді. (Имам Хайсами, Мәжмауз Зәуәйд, 2092)

Әбу Хурайра (радиаллаһу әнһ) риуаят еткен мына хадисте Пайғамбар (с.ғ.с) айтқан: «Кісінің жамағатпен оқыған намазы үйде немесе базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық болады, өйткені ол дәрет алса, және дұрыстап дәрет алса, сосын мешітке шықса, әрі тек намазға бола шықса, әрбір басқан қадамы үшін оның дәрежесі көтеріліп, қателігі өшіріледі. Егер намаз оқыса, сол намазханасында болғанда періштелер: «Ей Алла, оны жарылқай гөр, оны мархаметіңе бөле» деп дұға тілеуде болады. Сендердің бірің (мешітте) намазды күтіп отырса, намазда тұрғандай болады. (имам Бухари, Муслим)

Әбу Муса әл-Ашғари (радиаллаһу әнһ) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с): «Адамдардың  намаздан ең көп сауапқа ие болатыны – алыстан жаяу келгені», - деген. (Имам Муслим)

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: