07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Қабірдің сұрақтары мен жауаптары

Қабірдің сұрақтары мен жауаптары

Ислам тарихы

Күнә істерді жасаған мұсылман “фасық” деп аталады. Ислам дініне сенбеген және діннің әміріне мән бермеген адам “кәпір” деп аталады.

Фасықтар мен барлық кәпірлер қабірде азапқа тартылады. Бұған сену керек. Өлген адам қабірге қойылғаннан кейін біз білмейтін бір күйде тіріліп, қылмысына жараса не рахат көреді. Не болмаса азап шегеді. Мункир және Накир деген екі періштенің қорқынышты адам кейпінде мазарға келіп сұрақ сұрайтындығы туралы хадистерде айқын көрсетілген. Қабір өміріне сену керек.

Қабір сұрақтары және жауаптары

Раббым – Алла Тағала.

Пайғамбарым – хазіреті Мұхаммед алейһиссалам.

Дінім – Ислам.

Кітабым – Құран кәрім.

Құблам – Қағба шәриф.

Сенімдегі мазһабым – Әһли сүннет уәл жамағат.

Амалдағы мазһабым – Имам ағзам Әбу Ханифа мазһабы. (Басқа амал мазһабында болса, соны айтады)

Қиямет күні адамдар ұстанған мазһаб имамдарының есімімен шақырылатыны, мысалы «Ханафилер келіңдер! Сүнни(т)лер келіңдер!» делінетіні “Рух-улбаян” тәфсірінде “Исра” сүресінің 71-ші аятында жазылған. Кейбір ғалымдардың пікірінше қабір сұрақтары кейбір сенімдерден болады, кейбірлерінің пікірінше біртұтас ақаид мәселесінен (иман тақырыптарынан) болады. Сондықтан да балаларымызға: “Раббың кім? Дінің не? Кімнің үмбетісің? Кітабың не? Құблаң қайда? Сенім мен амалдағы мазһабың қандай?” деген сұрақтардың жауаптарын үйретуіміз керек.

Бұл сұрақтарға дүниеде әһли сүннет жолында болмағандардың жауаптары дұрыс болмайды. Жақсы жауап бергендердің қабірі кеңейіп, оған жұмақтан бір терезе ашылады, жұмақтағы орындарын көреді. Періштелер оған жақсылықтар жасайды, сүйіншілер береді. Жақсы жауап бере алмаса, темір тоқпақтармен дүре соғылады. Дауысын адам мен жыннан басқаның бәрі естиді. Қабірі тарылып, денесін қысады. Тозақтан бір терезе ашылып, тозақтағы орнын көріп, маһшарға дейін азап шегеді. Қабірдегі, қияметтегі жағдайларды дүние істеріне ұқсатуға болмайды. Ондағы өмір – ақиқат өмір! Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену – шарт. Ет пен сүйек шіріп, топырақ пен газға айналғаннан кейін, қайтадан жиналып, рух денеге кіріп, мазардан тұрады. Сондықтан бұл сәт «Қиямет күні» деп аталады.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: