19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Біз неге жақсы әдетті қалыптастыра алмадық?

Біз неге жақсы әдетті қалыптастыра алмадық?

Ислам тарихы

Жаңа әдет қалыптастыруда ең қиыны алғашқы қадамды жасау және оны ұзақ уақыт бойы жалғастыру.

Оны орындай алмаған себебіміз: біріншіден, әдетті дұрыс қалыптастыру үшін оның құрылысын білмедік; екіншіден, аз ғана уақытта бірден көп нәтижеге жеткіміз келді; үшіншіден, өзгерістерге дайын болмадық.

Әдет қалыптастыру үшін біз әдетте не істейміз? Дұрыс айтасың, біз жақсы әдеттердің және жаман әдеттердің тізімін жасаймыз. Мысалы, жақсы әдеттер: күн сайын кітап оқу, спортпен айналысу, тіл үйрену, таңда ерте тұру, т.б. Ал жаман әдеттер: ұйықтарда телефон қарау, кеш ұйықтау, темекі тарту, фастфуд жеу. Осының бәрін бірден жасауға тырысамыз. Әрине, біздің ниетіміз дұрыс, жақсы адам болғымыз келеді. Бір мезгілде үлкен он әдетті қалыптастыру мүмкін емес. Ешқандай мотивация, ерік-жігер бұған көмектесе алмайды. Себебі мотивация аумалы-төкпелі нәрсе, аяқ астынан туындап, лап етіп қайта өшуі де мүмкін. Ерік-жігер бұлшық ет тәрізді, қинай берсең, ол да шаршайды. Тұп-тура 21 күн шыдап берсем болды, әдет қалыптасады деу де қате. Ақыр соңында он әдеттің бірде-біреуін қалыптастырмай, бұрынғы қалпымызға келеміз. Оған қоса, өзімізді кінәлаймыз, сөйтіп өзіңе сенімділік деңгейі түседі.

Әдет жайлы кітап көп. Соның бәрінің айтатын ортақ тұсы – әдет қалыптасырғың келсе, өте ұсақ әрекеттен баста. Ұсақ әрекеттің күші өте мықты. Мысалы, қалыптастырғың келген әдетті құрайтын ұсақ әрекеттердің тізімін жаса, оларды өте қарапайым қыл. Күніңнің бір бұрышына орналастыр, сосын оны күшейте бер.Сенің ойыңды түсініп отырмын, оған уақыт қайда дейсің? Рас, уақыт жетпейді. Жұмысқа уақыт жеткізе алмай жүргенде, 30 минут жаттығу жасауға, 25 минут шет тілін үйренуге, 40 минут қолдан кешкі ас дайындауға, 15 минут күнделік жазуға кімнің уақыты жетсін? Бірақ ұсақ әрекеттердің күші сонда, оны жасауға небары 30-ақ секунд кетеді.

Өмірге өзгеріс енгізу ылғи да оңай емес. Ми оған қарсыласады. Былай қарасаң, қызық. Сен миыңмен ойланып, өміріңді жақсартуға шешім қабылдайсың. Алайда қайтадан сол миың оған қарсы шығады. 25 минут шет тілін үйренуге шешім қабылдағанда, мұндай өзгерісті күтпеген ми оған қарсыласып бағады. Өйткені артық энергия табу керек. Сол үшін адам ойына келмейтін түрлі сылтаулар ойлап табады. «Ағылшын тілін үйреніп керегі не? Дәл қазір шетелге кетейін деп жатырсың ба? Сен ағылшын тілін үйренді екен деп айлығыңа қосымша ақы қоса ма?» деген сияқты аргументтерден кейін көп адам «япырай, солай екен ғой» деп беті қайтып қалады. Ал 30 секунд шет тілін үйрену деген өзгеріске мидың қорғаныс сигнализациясы селт етпейді. Өйткені зу етіп өте шығатын қысқа уақыт. Уақыт жеткізе алмай жүрген, ылғи стрестен көз ашпайтын адамға ұсақ әдеттер – ең қажетті көмекші.

материал «Әдет күші» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: