19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Құлшылық етуде байыптылық танытудың маңызы

Құлшылық етуде байыптылық танытудың маңызы

Ислам тарихы

Абдулла ибн Амр былай дейді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) менен: «Абдулла ибн Амр, сен Құранды қанша уақытта оқып бітіресің?» – деп сұрады.

Мен: «Бір күн мен бір түн ішінде», – деп жауап бердім. Сонда ол маған: «Ұйықта, сосын намаз оқы. Намаз оқы, сосын тағы ұйықта және Құранды толығымен бір ай ішінде оқы», – деді. Ибн Амр: «Ол маған: «Құранды әр жеті сайын толық оқып жүр», – деп айтпағанша, мен онымен, ол менімен келіспей тұрдық», – деді.

Сосын ибн Амр: «Мен үнемі ораза ұстаймын», – дедім. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір күндері ораза ұстап, басқа күндері ораза ұстама. Әр айда үш күннен ораза ұста», – деді. Ибн Амр: «Ол маған: «Алла Тағала үшін ең сүйікті оразасы болған Дәуд пайғамбардың оразасын ұста, күнара аузыңды бекіт», – деп айтпағанша, мен онымен, ол менімен келіспей тұрдық», – деді. Содан соң Абдулла ибн Амр: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол кезде маған берген рұқсатын қабылдағаным қазір мен үшін қызыл түйеден де артық», – деді.

Сахабалардың әдеті бойынша, олар Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдында қандай да бір амалды жасайтындарын айтса, олар сол амалды үзбей жасайтын. Сондықтан да Абдулла ибн Амр жасы ұлғайған шағында Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөз таластырып, азырақ ғибадатқа келіспегеніне өкінді.

материал «Қызыл түйеден де артық амалдар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: