20
Жұма,
Қыркүйек

һижри

Жұмыс жасап жүріп қалай ілім алуға болады?

Жұмыс жасап жүріп қалай ілім алуға болады?

Ислам тарихы

Жұмыс жасап жүріп қалай ілім алуға болады?

1. Уақытты тиімді басқару: Кішкене бос уақытыңыз болса, пайдаланып қалыңыз. Шейх Мағбад Абдулкарим өзінің басынан өткен бір уақиғаны былай деп әңгімелейді: «Бір күні біз іс-сапармен басқа қалаға бару үшін ұшаққа отырдық. Басқа қалаға бара жатқан соң жан-жаққа қарап, уақытымыз солай өтіп кетті. Баратын жеріміз шамамен жеті минутта жететін жер еді. Ал шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда (Алла рақымына алсын) сол аз уақытта қалтасынан кішігірім дәптерін шығарып, кітап жазуға кірісіп кетті. Өзі аз ғана уақыт еді, бірақ шейх сол аз уақытында кітап жазып, уақытын тиімді пайдаланды.

2. Онлайн сабақтар: Егер интернетті дұрыс пайдалана алсақ, интернет – біз үшін үлкен нығмет. Бүгінгі күнде сен жер шарындағы ғалымдардан білім ала аласың. Ал бұрынғы уақытта білім алғың келсе, тек сол жердегі ғалымдардан ғана сабақ алатын едің, дұрыс па?

Бүгінгі таңда екі сағаттың ішінде төрт дәрісті тыңдап, пайда ала аласың. Біз қолданып жүрген интернет қиямет күнінде барлық мұсылмандарға қарсы куәлік болады немесе мұсылмандардың пайдасына куәлік болады. Қазіргі заманда білімге қол жеткізу оңай және тиімді болғандықтан, оны игермей қалу үшін ешқандай сылтау болмауы тиіс. Интернет пен технологиялар арқылы кез келген жердегі ғалымдардың дәрістерін тыңдап, өзіңді дамытудың көптеген мүмкіндіктерін пайдалан! Өйткені, ақырет күні білімге салғырт қарағанымыз үшін ақталу қиын болады көптеген мүмкіндіктерін пайдалан! Өйткені, ақырет күні білімге салғырт қарағанымыз үшін ақталу қиын болады.

3. Кітап оқу: Жұмыстағы үзіліс кезінде немесе демалыс күндері кітап оқуды әдетке айналдыру өте пайдалы. Қызығушылығыңызға сәйкес кітаптарды таңдап оқуға болады. Қазіргі кезде біздің санамызға тек кейбір маман иелері ғана оқуы керек деген ой қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Еуропалықтар жылына 200 сағат кітап оқиды екен, ал мұсылмандар қанша оқиды? Бір беттің ширегін ғана! Бұл миға қонымды нәрсе емес. Содан кейін «Олар дамып жатыр» деп қалай айтамыз? Біз кітап оқуды – хобби ретінде көреміз. Намаздың, Құран оқудың хобби болмағаны секілді, кітап оқу да – хобби емес, парыз!

Дамаскідегі Құран ғалымдарының бірі Шейх Иззи әртүрлі кәсіптегі жұмысшылар тобына арнап Құран тобын ашты. Оның тәлім-тәрбиесі арқасында олардың көпшілігі Құранды толық жаттап шықты. Олардың арасында наубайханашылар да болды. Абдулхай әл-Ләкнәуи 39 жасында қайтыс болды, ал оның еңбектері 110-нан асты. Оның ішінде бірнеше үлкен томдық кітаптар мен шағын трактаттар да бар. Шейхтің барлық кітаптары пайдалы зерттеулерге және күрделі мәселелерге толы еді. Шейх Әдиб әл-Кәлләс маляр болып жұмыс жасайтын болған. Яғни, ғимараттар мен құрылыс жабдықтарын және басқа да интерьер заттарын бояумен айналысқан. Жұмыс жасап жүрсе де, бас киімінің ішіне Әлфияның сол күнге жетерліктей бәйттерін (діни өлең жолдарын) жазып алатын. Осылайша, аталмыш кітапты да толықтай жаттап шығады.

Имам әс-Сарахси Құдықта қамауда жатқанда 30 томдық «Мабсут» кітабын өз жадынан шәкірттеріне айтып жаздырған. Имам әл-Қуртуби кемеде болған кезде «Сахих Муслимге» шарх (түсіндірме) жазған. Ал Ибн әл-Қайим өзінің «Зәд әл-Мағад» кітабын сапарда жүріп жазған.

Құрылыс алаңында жүріп те Құранға берік болған жұмысшылар бар. Солардың бірі күніге – бір бет, ал демалыс күні – екі бет жаттайтын. Құрылыста жаттауы былай болған: ағасына балшық араластырып оны шелекке салып береді, ал ағасы оны барып төгіп келгенше бес минут өтеді, оған дейін ол бір аят жаттап қояды. Балшықты араластырып салып жатқан кезде жаттаған аятын қайталап тұрады, одан кейін ағасы балшықты апарып төгуге кеткенде келесі бір аятты жаттап қояды. Дәл осы қалыппен кешке дейін бір бет жаттап үлгереді.

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: