22
Жұма,
Қараша

һижри

Тырнақ астынан хикмет ізде

Тырнақ астынан хикмет ізде

Ислам тарихы

Осы тырнағың болмаса, қолыңдағы телефонды қолдана алмайтыныңды ойлап көрдің бе? Әріптерді тере алмайтын едің.

Тырнақ болмағаннан саусағың сосиска құсап, былқ-сылқ етіп тұрар еді. Анаңа “анашым” деп жаза алмай қор болушы едің. Құлағыңды, мұрныңды шұқылай алмас едің. Құлағыңа шіркей кіріп кетсе, тырнағың жоқ болса, өлтіре алмас едің. Сосиска саусақтарың тесігіне кіре алмай, майысып тұра берер еді.

Мұрныңды қышытып жатқан қатқан боқтарды ала алмай, басқа біреуге де айта алмай, тұрған жеріңде еңіреп жылар едің бейшара боп. Басыңды, арқаңды қаси алмас едің.

Маса шақса, қасына алмағаннан жынданып кетер едің. Біреудің қасығаны өз қасығаныңдай болмайды. Дөп түспей, айналасын қасып, құмарың қанбай қалушы еді.

Сиыр құсап, қабырғаға немесе ағашқа сүйкеніп тұрғаның сонда болады. Айта берсең көп қой. Түйме тағу, аяқ киім бауын байлау, қалам ұстау, кесемен шай ішу жайына қалар еді. Ақыр соңы стресске түсіп немесе уайымдап тұрғанда тістелейтін тырнақ таппай сорлап қалар едік.

Қарашы, сен мән бермейтін тырнақтың қаншама хикметі бар. Ендеше дәл қазір тырнағыңа қара. Ол – Ұлы Шебердің махаббатпен жасағаны. Сен құрметте оны, қарағым. Өсіп кетсе, уақытылы алып отыр. Кірін кетіріп тазалап қой. Үстіне жалған тырнақ жалғап, байғұстың қадірін кетірме...

материал «Терең ой» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: