04
Сейсенбі,
Ақпан

һижри

Екі көзің болса, неге адамдарды құлағыңмен көріп жүрсің?

Екі көзің болса, неге адамдарды құлағыңмен көріп жүрсің?

Ислам тарихы

Егер екі көзің болса, онда неге құлағыңмен адамдарды көріп жүрсің? (Габриэль Гарсиа Маркес)

«Біріңді-бірің ғайбаттамаңдар.Қайсы бірің болмасын өлген бауырының етін жегенді қалайды ма? Әрине, бұдан жиіркенесіңдер. Ендеше, Алланың (азабынан) қорқыңдар. Расында, Алла Тағала (құлдарының) тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді» («Хужурат» сүресі, 12-аят).

«Өзің білмейтін (әрі өзіңе қатысы жоқ нәрсеге елікпе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында, құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де (Алланың алдында) жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36-аят).

«Адам баласының қасында, оның аузынан нендей сөз шықса да, бірін қалдырмай жазып алып тұратын бақылаушы періште бар» («Қаф» сүресі, 18-аят).

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне анық сенсе, тек қана жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», – деп айтты» – делінген (Бұхари, әдәб 31; Муслим, иман 74).

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім маған екі жағы мен екі аяғының ара- сына қатысты кепілдік берсе247, мен де оның жұмаққа кіруіне кепіл боламын», – деп айтты», – деген (Бұхари, риқақ 23; Тирмизи, зүһд 61).

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алланың құлы (адам баласы) ойланбай сөйлейді де, нәтижеде түпсіз тозақтың шығыс пен батыс арасындағы қашықтықтан да ұзақ түкпіріне дейін до- малап кете барады», – деп айтқанын естідім», – деген. (Бұхари, риқақ 23; Муслим, зүһд 49). ِِِ

Биләл ибн Харис әл-Мүзәни (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, қандай да бір адам айтқан сөзінің қаншалықты маңызды екенін білмей Аллаһ тағаланың разылығына бөлейтін бір ауыз сөз айтқаны үшін қиямет күніне дейін Алла одан разы болады. Сондай-ақ, енді бір адам айтқан сөзінің қаншалықты кесірлі екенін аңдамай сөйлегені үшін, Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Әрі сол бір ауыз сөзі үшін қиямет күніне дейін Алланың оған деген ашуы басылмайды», – деп айтты», – деген (Муатта, кәләм 5; Тирмизи, зүһд 12).

Уқба ибн Амир (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Алланың елшісі, (ақырзаман таяп, ел ішінде бүлік пен бассыздық белең алған шақта) аман қалудың жолы қандай?» – деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Тіліңе ие бол! Үйің саған таршылық етпесін! Істеген күнәларыңды көз жасыңмен жуып-шай», – деп жауап берді», – деген. (Тирмизи, зүһд 61).

Әбу Сайыдден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда, бүкіл дене мүшелері тілдің алдында бас иіп: «Біз үшін Алладан қорық. Шын мәнінде біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, біз де тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң, біз де таямыз», – деп айтады», – деген (Тирмизи, зүһд 61). Яғни, қоғам бүлінген шақта көбінесе үйіңде отырып, құлшылық жасап, Алланың разылығына бөлейтін, өзіңе және басқаларға пайдалы істермен шұғылдан!

Муғаз (р.а.): «Бірде Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Алланың елшісі! Мені тозақтан алыста- тып, жұмаққа кіргізетін қандай іс бар?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Расында, сен орасан зор (тым ауыр) іс жайлы сұрадың. Алайда Алла Тағала оны кім үшін жеңілдетсе, соған оңай болады. Ендеше, жақсылап ұғып ал: «Аллаға (ешкімді және еш нәрсені) серік етіп қоспай құлшылық ет. Бес уақыт намазды шарттарына сай толық оқы. Зекет беріп, Рамазан айының оразасын ұста. Жағдайың келсе, Алланың үйіне барып қажылық парызын өте», – деп, кейін: «Сондай-ақ, саған жақсылықтың қақпалары жайлы да айта кетейін бе? Ораза – (тозақ отынан қорғайтын) қалқан. Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды. Сондай-ақ, адамның түннің бір уағында оқыған намазының (қаншалықты сауапты екенін білсең ғой)», – деп: «Олар (түн намазын оқу үшін ұйқыларын қиып) төсектерінен тұрып, Раббыларына Оның аза- бынан қорқып, мейірімінен үміттеніп, жалбарынады. Сондай-ақ, олар берген нығметтеріміздің бір бөлігін ізгілік жолында жұмсайды. Істеген ізгі амалдарының қарымы ретінде оларды көзайым етіп қуантатын қандай сый-сияпаттың сақтаулы екенін ешбір жан білмейді» деген аятты оқыды. Содан кейін: «Саған діннің басы, оның тірегі және шыңы жайлы да айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дедім. Сонда ол: «Діннің басы – Ислам (яғни, Исламды қабылдау), тірегі – намаз және шыңы – Алла жолындағы күрес», – деді. Содан соң: «Ал енді осы айтылғандардың барлығының негізін қалайтын нәрсенің не екенін де айтайын ба?» – деді. Мен: «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дедім. Сонда ол тілін ұстап көрсетіп: «Мынаған ие бол», – деп айтты. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Сонда біз айтқан сөзіміз үшін де жауапқа тартыламыз ба?» – дедім. Сол кезде ол: «Анаң сенен айырылып қалсын Муғаз! Адам- дарды етпетінен тозаққа құлататын (күнәлары) тілінен тапқандары емей немене?» – деп айтты» – деген (Тирмизи, иман 8).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: