19
Жұма,
Сәуір

һижри

Уинстон Черчилльдің мешіт салдырғанын білесіз бе?

Уинстон Черчилльдің мешіт салдырғанын білесіз бе?

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Уинстон Черчилль! Әлемде дәл ол секілді елінің шексіз патриоты әрі ұлтының мүддесі үшін қыруар еңбек атқарған жан бар ма екен?! Ол – Ұлыбританияның ең атақты саясаткері. Ол – Екінші Дүниежүзілік соғыста елінің премьер-министрі (1940-1945) болып қызмет атқарып, ағылшын халқына жеңіс сыйлаған жан. Бізге қызықтысы – оның Исламды қабылдай жаздаған таңғаларлық әрекеті.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Ұлыбритания баспасөзі дүр сілкінді. Олардың барлығы атақты саясаткердің жас кезінде Ислам дінін қабылдамақ болғанын жазып жатты. Оған себеп Кембридж университетінің ғалымы Уоррен Доктердің тауып алған хаты еді. 1907 жылы бұл хатты Черчилльге ағасы Джектің жұбайы леди Гвендолин Берти жазыпты. Хатта: «Ислам дінін қабылдамауыңызды өтініп сұраймын. Өйткені сіздің бойыңыздан Шығыс халықтарына тән қасиеттер байқадым, ал әрекеттеріңіздің пашаға ұқсайтыны көрініп тұр», – деп жазыпты. Ең қызығы арада біраз уақыт өткен соң Черчилль жеңгесіне «Мені пашаға ұқсатқаныңыз үшін көп рахмет. Мен үшін одан үлкен баға жоқ, оған расымен ұқсағым келеді», – деп жауап жазған екен.

Бірақ осы хатқа қарамастан ғалым Доктер өзінің «The Independent» басылымына берген сұхбатында «Черчилль ешқашан мұсылман дініне өту туралы ойлаған емес. Дегенмен ол Ислам мәдениетін қатты жақсы көрді», – дейді. Ғалымның тапқан хаты мен берген сұхбатының бір-біріне қайшы келіп тұрғаны анық. Біздіңше, Уинстон Черчилльдің бір кездері жеңгесі қорқақтағандай Ислам дініне кіру ойы болды, бірақ кейінгі мемлекет ісі, соғыс жағдайы оның мойнын өзге дүниеге бұруға жар бермеді.

Черчилль Исламмен Британ әскерінің құрамында Суданда қызмет етіп жүргенінде танысты. Ол Үндістанның солтүстік-батысында, қазіргі Пәкістан аумағында орын алған азаттық соғысына қатысқанда да мұсылмандармен талай рет бетпе-бет келген. Тіпті британдық билік солтүстік Нигериядағы мұсылман тайпаларды отарына айналдырмақ болғанда оған қарсы шыққан да осы Черчилль болатын. Сөйткен Уинстонның діни көзқарасына ең қатты әсер еткен өзінің арабтанушы досы, ақын Уилфрид Блант екен. Ол ұйымдастырған түрлі кештерге Черчилль тіпті арабша киініп келетін көрінеді.

1940 жылдың қазан айында Черчилль Лондонның Риджент-парк саябағында салынатын орталық мешіттің жобасын мақұлдап, оған мемлекет қазынасынан 100 мың фунт стерлинг бөлгізген. Солай Лондонның орталық мешіті бой көтерген. Кейінірек өзінің халыққа арнау сөзінде Черчилль «Көптеген елдегі біздің мұсылман достарымыз бұл сыйлыққа ризалықтарын білдірді», – деген болатын.

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: