01
Жұма,
Қараша

һижри

Құрметті Астана қаласының дінсүйер қауымы!

Жуырда ғана «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалған белгілі исламтанушы,  білікті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Астана қаласындағы мешіттерде ақпан айының басынан жоспарлы түрде дәрістер өткізеді. Атап айтсақ, ақида (сенім), фиқһ бойынша сабақтар жүргізіп, қоғамдағы ең өзекті діни мәселелерге жауап беретін болады. Олай болса, дін ғылымын білімді ұстаздардан үйренейік.   

Ұстаз Қабылбек ӘЛІПБАЙҰЛЫның мешіттерде

 жүргізетін дәріс кестесі:

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Қайырымдылық – жүректерді жұмсартып, көңілге қуаныш себелейтін сауапты іс. Қайырымды қоғамның болашағы да жарқын. Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасында шаһардағы тұрмысы төмен және көпбалалы ата-аналардың мектеп жасындағы бүлдіршіндері мен №24 орта мектептен келген 40 оқушыға қысқы киімдер (куртка, бас киім) сыйға тартылды.

Таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, орталық мешіттің наиб имамы Әділхан Серікбай мен «Астана» медресесінің ұстазы Айбек Омаров Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 түзеу мекемесінде болып, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.

Өмір жолы күллі мұсылман баласына өнеге, аты ардақты тұлға Мұхаммед пайғамбар мәулітіне орай «Нұр Астана» орталық мешітінде «Ол кім еді?» атауымен жамағат арасында білім сайысы өтті.

Өткен жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасымен» қорытындыланды. Қоғамдағы діни ахуалды саралай келе қабылданған аталмыш құжатта сауат ашу, діни білім беретін жоғары оқу орындары, имамдардың біліктілігін арттыру секілді өзекті мəселелер кеңінен қамтылған-ды. Міне, бұл тұжырымдама мешіт ұстаздары үшін де бағыт-бағдар көрсетіп қана қоймай, сауатты да сапалы шәкірттер әзірлеуіне мүмкіндік туғызбақ.

Ақида – дін саласындағы сенім жүйесінде қолданылатын ұғым. Иман негіздері де осы салада қамтылатын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының дін саласын дамыту үшін бекіткен төрт бағытының бірі – халықтың діни сауатын ашу, жамағатқа арналған дәстүрлі дін дәрістерін жүйелі түрде өткізу болып табылады.

Дін атын бетперде қылған ағымдар ақиқатын анықтау – дін саласындағы өзекті мәселе. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған мақсат-міндеттері де жат ағым идеологиясынан жастарды, жалпы қоғамды қорғау, теріс пиғылды топтардың ел ішінде таралуына жол бермеу болып табылады.

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана имамдарының жылдық жұмыс жоспарына арналған жиын өтті. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен мәжілісте биыл атқарылуы тиіс ауқымды шаралар жобасы талқыланды.

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен белгілі исламтанушы Қабылбек Жұмабеков «Нұр Астана» орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.

Адамзаттың абзалы, ардақты жан, сүйікті пайғамбарамызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін мәуліт айы жалғасымын табуда. Осыған орай, еліміздегі мешіттерде имамдардың ұйытқы болуымен түрлі рухани мерекелік іс-шаралар халықпен бірге аталып өтілуде. Мұнымен қоса, Алла Елшісі (с.ғ.с.) туылған осы айдың құрметіне түрлі бағытта қайырымдылық шаралар да жалғасым табуда.

Иісі мұсылман қауымының ардақты елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туылған айына орай елорда іргесіндегі «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде мәуліт мерекесі өтті.