27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қырғызстан алғашқы жоғары сапалы Құран аудармасын шығарды

Жаһан
Жарнама

Түркия астанасы Анкарада Құран Кәрімнің қырғыз тіліндегі аудармасы жарық көрді.

ОшГУ доценті, теология факультетінің оқытушысы Тимур Козыгулов жаңа басылымның жоғары сапада әзірленген нұсқа екенін хабарлады. «Кітаптың мұқабасы өте сапалы бағалы терімен қапталды, қағазы да өте жоғары сапада. 2 мың данасы басылып шықты. Оның тең жартысы – қырғыз тілінде, қалғаны араб тілі мен қырғызша аудармасымен. Тираждың белгілі бір бөлігі Қырғызстанда жеткізілді» дейді Т.Козугулов.

Айта кету керек, қырғыз тіліндегі аударманы әзірлеуге республиканың аударма және тіл саласындағы білікті мамандары жұмылдырылған.

«Абдышукур Исмаилов, Дуйшон Абдылдаев, Садыбакас Доолов пен Салык Гавай 2006 жылы Құран Кәрімді аударған. Бұл нұсқадағы кітаптар аударма авторларының келісімімен Түркия Дін істері басқармасында басылды. Мәтінде еш өзгеріс жоқ. Мамандар бұл жолы деректердің техникалық сәйкестігін жіті бақылады. Бұған дейін Қырғызстанда мұндай сапалы Құран кітабы басылған емес» дейді теолог.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: