11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазының шарттары мен сүннеттері

Жұма намазының шарттары мен сүннеттері

Намаз

Қасиетті Жұма күнінің өзіне тән шарттары мен сүннет амалдары қандай?

Жұма намазының сүннеттері:

Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан нәпіл намаз оқылады. Яғни, жұма намазы – бас-аяғы он рәкат намаз. Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан бұрын  төрт  рәкат  намаз  оқыған.  Басқа  бір  хадисте Пайғамбарымыз  (с.а.у.): «Кімде-кім  жұма  намазын оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын», дейді.

Жұма намазының дұрыс орындалу шарттары:

1. Жұма оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық, болуы қажет. Бұл жайлы Хазіреті Әли: "Жұма намазы, ташриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаздары қала немесе аймақтарда оқылады" - дейді. Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның көзқарасы бойынша, әкімі, көмесі, базары, бар отырықты жер болып саналады. Әбу Юсуп бойынша,  халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың қала санаған жерлерін қала деп есептегенді.

Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу Һурайра Бахрейнде қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан Жұма намазы жайлы сұрайды. Ол былай айтты: "Жұма намазын қайда болсаңдарда оқындар" жауап береді.

Ибн Аббас Жұма намазын Мәдинадағы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінен кейін алғаш рет Бахрейндегі "Жууасса" деген ауылда оқылғаны жайлы хабар береді.

2. Жұма оқитын имамның үкімет тарапынан рұқсаты болуы керек. Ханафи құықшылары бойынша, Жұма намазы үшін де солай.

Олар мына хадиске сүйенеді: "Кімде-кім Жұма намазын мен өмірде болған кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам (басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп, оны тәрк етсе, Аллаһ оған берекет бермесін және ісін бітірмесін".

Міне, осы хадисте Жұма намазының парыз болу үшін әділ болсын, залым болсын бір басшының болуы қажет екенін айтқан. Өйткені, үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар. Бірақ басшылар Жұма мән бермесе немесе себепсіз мұсылмандар бір имамның артына тұрып, Жұма намазын оқуларына болады. Имам Мұхаммед мына дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мәдинада қоршауды қалған кезде сырттағы сахабалар Хазіреті Әлидің артына тұрып, Жұма намазын оқыған.

3. Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа бойынша, Имамнан тыс ең дегенде үш адам, Әбу Юсуп және имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің болуы шарт. Дәлелдері "Алланың зікріне (Жұма намазына) ұмтылыңдар",аятыңдағы "ұмтылыңдар" етістігі көпше түрде қолданылған.

 Әбу Ханифа - үш, қалған екеуі - екі адамды көп ретінде қабыл еткен. Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде Жұма намазын оқуға болады. Бұған дәлел: Хазіреті Әлидің Хазіреті Осман қоршауда қалған кезінде Жұма намазын сыртта  оқығаны секілді айт намаздарында Мәдина сыртында сахарада оқыған дейді.

4. Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық болуы. Өйткені Жұма намазы - Исламның рәмізі мен діннің ерекшеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, Жұма оқысы, намаз оқыса бұл дұрыс болмайды.

5. Уақыт. Жұманың уақыты  – бесін намазының уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: Алла Елшісі Жұма намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын - деген сөзі жеткен.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мусаб ибн Умейрді Һижреттен бұрын мұғалім етіп, Мәдинаға жіберген кезде оған күн батысқа ауа бастағанда Жұма намазын оқуын айтқан.

6. Хұтба. Жұма сүресіндегі "Алланың зікіріне ұмтылыңдар" аяты - Жұма намазымен хұтбасы. Хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хұтбасыз ешқандай Жұма намазын оқуға болмайтынын айтқан. Хұтба шарт болмаған кейде оны тәрк ететін еді. Жамағат алдында хұтба оқылуы керек. Хұтба оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін келсе, намаздары дұрыс болмайды.

Жамағаттың хұтбаны естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. Хұтба  кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен міндеттелген бір ер кісінің болуы жеткілікті.

Әбу Ханифа бойынша, хұтбаның шартты Алланы зікір етуден тұрады. Сол себепті хұтбашы хұтбаға ниет етіп, "Әлхамду лилляһ" немесе "Сұбхан Аллаһ немесе Ләиләһа иллаллаһ " десе, жеткілікті.Өйткені Алланы зікір етуге асығыңдар! аятында зікірдің аз болуы мен көп болуы жайлы мәселе қозғалмаған. Хазіреті Осман халифа кезінде алғаш Жұма хұтбасында Әлхамду лиллаһ дегеннен кейін қобалжып, тілі тұтылып, мінбеден түсіп, Жұма намазын оқығаны осыған дәлел.

Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтба делінетіндей айтылуы керек дейді. Бұл Әттәхият, мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей көлемде болмақ.

 

Хұтпаның уәжіптері:

1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.

2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.

3. Әурет жері жабық болу.

 

Хұтпаның сүннеттері:

1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті бұны "хұтпа" деп атайды.

2. Бұл екі хұтпаның әрбірі  – шәһадат сөздерін, салауатты қамту керек.

3.  Бірінші хұтпа  – бір аят және насихатты, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хүтпада хұтпашының даусы  – бірінші хұтпадан төмен болуы керек.

Бұлар хұтпаның сүннеті.

4. Екі хұтпаны ұзатпау.

5. Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдында азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында оқылған азан осы.

6. Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды оқып, жариялай Алла Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жамағатқа қарап оқиды.

7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.

Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған жұма намазы - парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланысты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыс, жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы - мәкрүһ.

Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуақ қолдану, жақсы киім кию  – мұстахаб.

Жұма күні азан оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін тоқтатып, мешітке дереу баруы  – уәжіп.

Жұма күні мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, "Кәһф" сүресін оқу немесе тыңдау  – мәндүп.

Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағаттың тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәфіл намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аты айтылса да салауат айтпай үнсіз қалу - абзал. Бірақ Әбу Юсуп бойынша, іштей салауат айтылады.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: