22
Жұма,
Қараша

һижри

Таң намазын өтеген кісі Алланың кепілдігінде болады

Таң намазын өтеген кісі Алланың кепілдігінде болады

Намаз

Таң намазы – сол күннің алғашқы сынағы әрі алғашқы құлшылығы. Сондықтан сол күнді жақсы бастап алғашқы емтиханды табысты тапсырсақ, басқа емтихандар мен қауіп-қатерлерге қарсы әлдеқайда күшті әрі сақадай сай боламыз.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) «Кімде-кім таң намазын оқыса, Алланың кепілдігінде болады» деп бұл ақиқатты растайды. Таң намазын оқып, сол күні Алланың кепілдігінде бола бастаған мүмін ертеңгі күнгі күрес пен қауіп-қатер үшін үлкен күш пен сенімге ие болады.
Адам күнін қалай бастаса, көбіне түнге дейін сондай көңілмен жалғастырады. Күнін жақсы бастап, нәпсімен, шайтанмен күрескен мүміннің жеңісі жатқанға дейін жалғасады.

Раббымыз таң намазы жайында былай бұйырады: «Күндіз түс ауғаннан қас қарайып, түн болғанға дейін (белгілі уақыттарда) намазды кемеліне жеткізіп оқы, әсіресе, таң намазын (үзбей әрі кемеліне жеткізіп) оқы. Өйткені таң намазына, әсіресе, қиямда тұрып Құран оқылғанда, періштелер келіп, куә болады».

Алла Тағала жоғарыдағы аятта төрт уақыт намазды бір бөліп, таң намазын жеке дара бөліп айтқан. Себебі оның куәгерлері – күндізгі және түнгі періштелер. Риуаят бойынша бұл періштелер таң намазында имамның артында сап түзейді. Кейін күндізгі періштелер қалып, түнгі періштелер көкке көтеріледі.
Ақыретте бұл періштелердің сіз үшін куәгер болуын қаламайсыз ба?

материал «Таң намазына тұрғың келсе...» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: