22
Жұма,
Қараша

һижри

2.3 Нәпіл намаздар

Намаз

Бұл да сүннеті рауатиб және сүннеті рағаиб деп, екі топқа бөлінеді. Сүннеті Рауатиб межелі әрі белгілі тәртіппен, бес уақыт парыз намазбен бірге үнемі оқылатын намаздар. Тарауих намазы да рауатиб сүннет қатарына жатады.

«Рауатиб сүннет» деген сөз тәртіппен орындалатын сүннет дегенді білдіреді. Бұл санатқа жататын сүннет намаздар да Хазіреті Пайғамбардың (с.ғ.с) үнемі орындаған-орындамағанына байланысты «сүннеті муаккәд» және «сүннеті ғайру муаккәд» деп аталады. Ханафи фиқһ әдиебиеттерінде сүннеті муаккәдәні қысқаша «сүннет», ал ғайру муаккәдты «мустәхаб», «мәндуб» деп атайды.

Рауатиб сүнеттерден тыс қалған нәпіл намаздардың барлығын «рағаиб сүннет» деп атайды. Тәһәжжүд, дұха (сәске), истихара, жаңбыр дұғасы мен намазы, хұсуф пен күсуф намазы, тахийятүл мәсжид намазы, тәубе намазы, әууәбин, тәсбих, ихрамға кіру намазы, сапарға шығу не қайтудағы намаз, қажет намазы, дәрет рағаиб түріне жатады. Мұндай рауатиб сүннетке жататын нәпіл намаздар кемінде екі рәка’аттан оқылады.

Бұл намаздардың барлығы дұрыс (сахих) болуы үшін олардың кейбір шарттары мен рүкүндері бар. Бұлардың міндетті түрде орындалуы да бір бөлек парыз. Бұлар намаздың парыздарын құрайды. Сонымен қатар намаздардың уәжіптері, сүннеттері мен әдептері де бар.

Бұл намаздардың мәкрүһтері мен намазды бұзатын жағдайлар да бар. Намаз оқығанда бұл нәрселерден сақ болу керек. Әр мұсылман бұл нәрселерді біліп, абай болуы керек. Және намаздарын кемшіліксіз оқып, намазымен Раббысының ризалығын алуға тырысу керек.

«Дәлел-дәйектерімен Ислам ғылымхалы» кітабы


2.2  Уәжіп намаздар мен рәка’ат сандары    Намаз   


Бөлісу: