06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Мешітке кіру әдебін білеміз бе?

Мешітке кіру әдебін білеміз бе?

Ислам тарихы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, бұл мешіттер ішінде дәрет сындырып, яки басқа да жолдармен ластау үшін емес, Алланы еске алып (намаз оқып, уағыз-насихат айтып немесе тыңдап), Құран оқу үшін салынған», – деп айтты» – делінген (Муслим, таһарат 100).

Түсініктеме: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл хадисті айтуына бір бәдәуидің мешітке кіріп келіп, ішінде дәрет сындырғаны себеп болған. Мұндай келеңсіз жағдайлар адамдардың дінді әлі толық түсіне қоймаған кезеңдерде орын алған болатын.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер мешіттің ішінде бір нәрсе сатып немесе сатып алып жүрген адамды көрсеңдер оған: «Алла тағала саудаңа береке бермесін деп айтыңдар. Сондай-ақ, мешіттің ішінде жан-жағына дауыстап сұрау салып, жоқ іздеп жүргенді көрсеңдер оған: «Алла тағала саған іздегеніңді со күйі таптырмасын деп, теріс бата беріңдер», – деп айтты» – делінген. (Тирмизи, буйуғ 75).

Сәиб ибн Язид (р.а.): «Бір күні мешітте отырғанымда, біреу маған қарай ұсақ тас лақтырды. Бұрылып қарасам, Омар ибн Хаттаб (р.а.) екен. Ол маған: «Анау екеуін маған алып келші», – деп, екі адамды көрсетті. Мен әлгі екеуін оның алдына ертіп әкелдім. Сонда Омар (р.а.) олардан: «Қай жерден боласыңдар?» – деп сұрады. Олар: «Тайыф қаласынан», – деді. Сол кезде Омар (р.а.) екеуіне: «Егер жергілікті болғандарыңда

Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітінде дауыс көтергендерің үшін сазайларыңды берер едім», – деп айтты», – деген.(Бұхари, саләт 83).

Жәбир (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сарымсақ, яки пияз жеген адам бізге282 немесе мешітімізге (иісі кеткенше) жоламасын», – деп айтты», – деген.(Бұхари, атғимә 49; Муслим, мәсәжид 73).

ِМуғаз ибн Әнәс әл-Жуһәни (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) имам жұма намазының құтпасын оқып тұрғанда, жамағатты қос тізесін көтеріп, құшақтап отырудан тыйды», – деген (Әбу Дәуіт, саләт 228; Тирмизи, жұма 18).

Түсініктеме: Өйткені тізесін құшақтап отырып уағыз тыңдаған адамның қалғып кетуі, не болмаса дәретін бұзып алуы әбден мүмкін.

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: