27
Сенбі,
Шілде

һижри

Алған қарызын қайтармай жүре берудің күнәсі қаншалықты?

Алған қарызын қайтармай жүре берудің күнәсі қаншалықты?

Ислам тарихы

Мұсылман дінінде алған қарызын қайтаруға шамасы келе тұра қайтармай кешіктіріп жүре берудің күнәсі ауыр, харам іс.

Исламда ол «қиянат» болып саналады. Ол да кісі ақысын жегенмен тең. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.у.а.): «Қарызын қайтармай кешіктіру – зұлымдық» - деп, қатаң сынаған[1]. Ал Құдай Тағала Құранда: «(Қиямет күні) зұлымдық жасаушыларға жәрдемші жоқ» - дейді[2]. Басқа бір аятта «Залымдар азаптан құтылмайды» деп ескертеді[3].

Алайда, расынан да қайтаруға мүмкіндігі болмай жүрген кісілерге кешірім барын да дініміз еске салады. Ондай адамдарға қатысты Алла Тағала «қайтаруға шамасы келгенге дейін уақыт беріңдер» деп бұйырған.

Сондықтан да, қарызыңызды сұрап көріңіз, мүмкін есінен шығып кеткен болар, немесе расында да қарызын өтеуге шамасы келмей жүрген де болуы мүмкін.

Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!  

 

[1] Имам Бұхари, «Сахих Бұхари». 2288.
[2] «Хаж», 71 аят.
[3] «Әнғам», 21 аят.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: