07
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Дұғаның қабыл болмауы сынақ па?

Дұғаның қабыл болмауы сынақ па?

Ислам тарихы

«Мен Аллаға күн сайын дұға етіп, кешірім сұрап жалбарынамын. Жақсы амалдар жасаймын, садақа беремін, барлық нәрседе Алладан жәрдем сұраймын. Бірақ, дұғаларым қабыл болмай жатыр. Алла Тағала не үшін менің дұғаларымды қабыл қылмай жатыр?», - дейсің.

Дұғаңның қабыл болуында асығыстық жасамау – діннің жоғары дәрежесі мен ұлы ұстанымы. Жүз пайыз сеніммен, сенің дұғаңды қабыл ететін тек Жалғыз Құдіретті Алла екеніне сеніп, сені еститініне, сенің ісіңді реттейтініне сену. Ол сені оған қайту үшін сынайды, себебі ол сені жақсы көреді.

1. Дұғаңның қабыл болуы – Алланың уәдесіне деген сенің сеніміңнің сынағы. Аллаға деген шынайылығың мен барлық нәрселерді әлемдердің Раббысына сеніп тапсыруыңдағы ықыласыңның сынағы.

2. Кейде дұға сенің Раббыңмен болған жағдайыңды қарап шығуың үшін, өзіңді есепке алып, Аллаға қайтуың үшін кешігеді. Сол кезде Өзіңнің қателіктерің мен олқылықтарыңды түзейсің.

3. Кейде дұғаңның кешігу себебі барлық себептерден арылуың үшін болады. Сенің сұрағаныңды тек Алладан басқа ешкім орындай алмайтындығына көзіңді жеткізу үшін, сенің ешқандай амалы қалмаған, жаны қысылған сипатыңа тиесілі болуың үшін кешігеді. «Бәрі Алланың қалауында, құзыретінде» деген сеніміңнің толық берік орнауы үшін кешігеді.

4. Кейде дұғаң сен үшін тиімді әрі дұрыс уақыт болған кезде сен дайын болуың үшін кешіктіріледі. Алла Тағала саған қолайлы уақытта қалағаныңның бәрін беру үшін жағдайлар мен себептерді дайындап қояды. Бәлкім, Алла сенің дұғаңды кешіктірген кезде, сен ойлағаннан да жақсы болғанын қалаған шығар.

материал Аслан Орақбаевтың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: