Әрбір күнә жүректе дақ қалдырады және дереу тәубе етіп арылмаса, өшірілмесе, сол күнә жүректі қарайтады. Мұндай жүрек иманға қарауытып, селқостанып қалады. Бұлай қарайған жүрек мөрленеді және адам руханиятына байланысты ақиқатты сезбейтін, көрмейтін, естімейтін мақұлыққа айналады.
Діни мәселелер пайдасы мен зияны тұрғысынан қаншалықты айтылса да, өзінің Құдайға құл екендігін сезінбеген, соған санасы жетпеген жанды жалпы алғанда, нашар әдеттерден алшақ ұстау мүмкін емес. Алла Тағаланың бұйрықтарын пайда-зиянына қарамай жасама дегенін жасамау керек, өйткені мәселенің төркіні Алла Тағаланың разылығына сай болып-болмауында жатыр.
Адам құл екендігін саналы түрде сезінген кезде, Раббысының разылығын алатындай дәрежеде өмір сүруге бар күш-қайратын жұмсайтын болады. Өзінің абыройлы болмыс ретінде жаратылғанын ұғынған адам, әлбетте, жер беті басшылығына лайықты түрде әрекет етеді. Өз орнымен қолданылмаған құралдың бұзылуы оңай. Сол үшін ол құралдың қолдану нұскаулығын оқып, мұқият соған қарай қолдану шарт.
Адамның көзі – өте бағалы мүше. Егер адам баласы осынау аса бағалы құралды еш қадір-қасиеті жоқ, масқаралыққа ұшырататын қалаулары үшін қолданар болса, ол мүлікті берген Беруші оның есебін міндетті түрде сұрайтын болады. Алла Тағаланың ең құнды өнер туындысына жататын көзбен адам баласы жүрегі мен рухын қарайтатын зиянды нәрселерге қарайтын болса, онда ол құрал адамның руханиятын көрсоқыр етеді.
Мысалы, бір тектен алмас пен көмірді салыстырып қараныз. Көмірде тек карбон жоқ, сондықтан ол қап-қара әрі тек отқа жағылады. Тура сол секілді, иман күші әсер етпейтін жүрек те қарайып кетеді. Күнәлармен қарайып кеткен жүректі айналаға иман нұрымен қараған көз бен тілдегі шүкір ғана ағартады.
материал «Көзімізді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан алынды,
ummet.kz