«Әли! Бір рет көзің түскесін, екінші рет қарама. Алғашкы қарағаның ештеңе етпейді, ал екінші қарауыңа күнә жазылады».
«Ұят он бөліктен тұрады, тоғызы әйелде, бірі еркекте», - деп хадисте айтылғандай, әйелдердің ұяты ер адамдарға қарағанда көбірек. Тағы бір хадисте: «Ұялшақтық жақсы, бірақ әйелдерде болса одан да жақсы» делінеді. Мұнымен қоса, құмарлықтың онда тоғызы әйелдерде. Бұған әйелдегі ұят сезімі ғана тоқтау салады.
Ғалымдардың бұл мәселеге катысты кеңесі:
«Сауда-саттық жасауға шыққан кезде, әдепсіз көріністер көзімізге ілігуі мүмкін. Көзді жұмып тағы жүре алмаймыз. Ал ашар болсақ, көргіміз келмейтін көріністер рухани дүниемізді лоқсытып бізді күнәға итермелейді.
Көзін ұятсыздыққа жібермеген адам ешқашан заттай әрі рухани ештеіеден ұтылмайды ондай адамдардан ешкім жамандық көрмейді. Пайдалы, тура, шынайы әрекет етіп шын мәнінде иманға қызмет ететін осындай адамдар ешқашан шайтани өмірдің құрбаны бола алмайды. Бір жағынан өзін мұндай аш карауға ұсынган жан ештеңеге қол жеткізе алмайды.
Қол жеткізу былай тұрсын, өзінің, айналасындағыларының, қоғам мен мемлекет үшін нелерді жоғалтып, нелерді жоқ еткендігіне ауруханалар мен түрмелер, сот залы мен газеттер шығатын бағаналар куәлік етеді.
Иә, ішіміз пысқан сайын көше кезуді әдетке айналдырмау керек. Зеріккен сайын көшеге шыру не әдет? Ол шайтанға таптырмас мүмкіндік. Мазасыздығын көшеге шығып басам деу жаңбырдан қашып, селге тап болған адамға ұқсайды.
Рух тынышсыздығы мен жүректің қанағаттанбауы Алла мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) байланыстың жоқтығынан, ғибадаттарға ден қоя алмаудан, достық жоқтығы, оқып-үйрену, тәфәккурге ( ой жүгірту) көп көңіл бөлмеушіліктен, уақытын бос өткізуден, иманға белсенді қызмет етпеуден туындайды.
Мәселенің тағы бір жағы бар: Жүректің мазасыздануын Алланың «Кабид» есімімен байланыстырып, «жүректі қысушы» ретінде қарастырсақ болады. Яғни бәле-жалаға тап болу және сыналу деген сөз. Құлдың табандылығы мен адалдығы осындай сынақтарда белгілі болады. Яғни, Алла Тағала құлын жаны жайсызданып, көңілі тарыққан кезіндегі ғибадаттарын жасауды жалғастырар ма екен деп сынайды. Мынаны да жақсы білген жөн, мұндай халде оқылған намаз достармен сағыныса кездесіп, жамағатпен бірге қуана құлшынып окыған намаздан әлдеқайда сауапты. Өйткені, сол сәтте адам тура майдан шебінде жүргендей болады. Сонан соң, мұндай хал тұрақты емес, өткінші. Бұл кезде Алла Тағала «Басит» есімімен оның көңілін кеңейтіп, өзіне құлшыныс береді. Қиындық пен машақатына қарай сый-сияпат пен сауабын алатын болады.
Адамның еті үйреніп кеткен күнәлардан алшақтауы да, нашақорлыққа салынған адамның дәрісін таба алмаған кезінде депрессияға шалдығып қиналғанындай рухани азаптануға себеп болады және мүмкіндік табыла қалса болды, дереу күнәға бас қояды. Сондықтан күнәға белшесіне дейін батқандар үшін болсын немесе күнәлардан бойын аулақ ұстайтындар болсын, сауда-саттық орындарына шыққанда мән беруі керек кейбір жағдайлар бар, оларға да назар салып қойган дұрыс.
материал «Көзімізді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан алынды,
ummet.kz